650 адамның өмірін жалмаған апат: Грекияда 17 жағалау күзетшісіне айып тағылды

АСТАНА. KAZINFORM — Грекияның Әскери-теңіз соты 2023 жылы мигранттар мінген кеменің апатқа ұшырауына байланысты жағалау күзетінің 17 қызметкеріне айып тақты. Бұл апат соңғы он жылдағы Жерорта теңізіндегі ең көп адам шығынына әкелген көші-қон апаты болып отыр, деп жазды BBC.

Грекияда 17 жағалау күзетшісіне айып тағылды
Фото: aa.com

2023 жылдың 14 маусымына қараған түнінде «Адриана» атты балық аулау кемесі мигранттарды тасымалдап келе жатып, Грекия жағалауындағы Пилос маңында суға батып кетті. Кейбір деректер бойынша, апат кезінде шамамен 650 адам қаза тапқан болуы мүмкін.

Апаттан аман қалғандар BBC-ге берген сұхбаттарында грек жағалау күзетінің қызметкерлері олардың қайығын сүйреп апаруға тырысқан сәтте аударып жібергенін, содан кейін куәгерлерге болған жайтты жасыруға қысым көрсеткенін айтқан.

— Бізге куәлік етіп, айып тағу үшін екі жыл қажет болды, бірақ сонша адам бұл оқиғаның куәсі болды, — дейді тірі қалғандардың бірі, Ахмад (аты өзгертілген), Сирия азаматы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сицилия жағалауындағы кеме апаты болып, британиялық кәсіпкер Майкл Линч із-түссіз жоғалғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар