650 мыңнан астам жасөспірім коронавирусқа қарсы толық егілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда жасөспірімдер, жүкті әйелдер және бала емізетін аналар санатындағы азаматтарды «Pfizer» вакцинасымен егу жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

650 мыңнан астам жасөспірім коронавирусқа қарсы толық егілді

27 наурыздағы мәліметке сәйкес, «Pfizer» вакцинасының І дозасын 937 371 адам, ІІ дозасын 787 953 адам салдырды. Оның ішінде:

І компонентін

- жасөспірімдер – 776 332,

- жүкті әйелдер – 35 403,

- бала емізетін әйелдер – 124 701.

ІІ компонентін

- жасөспірімдер – 657 427,

- жүкті әйелдер – 29 037,

- бала емізетін әйелдер – 101 133.

Айта кетейік, 26 наурыздағы дерек бойынша, коронавирусқа қарсы толық егілген жасөспірімдер саны 655 967 адамды құраған болатын.