«7-20-25»-ке жыл сайын 100 млрд теңге бөлу жеткіліксіз – «Атамекен» өкілі

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Бейсен Жолболдиев «7-20-25» бағдарламасына жыл сайын кемінде 1 трлн теңге бөлу керек деп есептейді. Құрылыс саласындағы кәсіпкерлер мен сарапшылар өткізген баспасөз конференциясында «Атамекен» өкілі осныдай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«7-20-25» бағдарламасы бойынша жылына 100 млрд теңге бөлінетін болғанын айтып отырсыз. Біздің сарапшылар мен салалық қауымдастықтар 100 млрд теңге деген Қазақстан үшін түк емес екенін айтып отыр. Оны біз мойындауымыз керек. Сол себепті қазіргі таңда қажетті сома 1 трлн теңгенің көлемінде болу керек деп жатыр», - деді палата өкілі.

Сондай-ақ, ол сарапшылардың бұл тұрғыда нақты ұсыныстары бар екенін мәлім етті.

«Бұл бойынша нақты ұсыныстар да бар. Яғни, бізде бизнесті субсидиялауға бағытталған көптеген бағдарлама бар. Осы соманы тікелей бөлмей-ақ, екінші деңгейлі банктерге жылына 1 трлн теңгеден бағыттап отырса дұрыс болар еді. Ал қазір бір жылға 100 млрд теңге ғана болғандықтан бір сәтте жоқ болып кетіп жатыр. Екінші деңгейлі банктерге субсидияға бөлетін болса, 90 млрд теңге ғана қажет болады. Қалғанын банктер өзі берер еді. Жалпы бұл бағдарламаны стратегиялық тұрғыда жоспарлап, ойлау керек», - деді Бейсен Жолболдиев.


Соңғы жаңалықтар