7-8 маусымда еліміздің астық егетін облыстарында температураның төмендеуі болжануда - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - 7-8 маусымда еліміздің астық егетін облыстарында температураның төмендеуі болжануда. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында «Қазгидромет» РМК гидрометеорталығының директоры Баян Сазанова мәлім етті.
None
None

«Биылғы көктем салқындау болды және жауын-шашын мол түсті. Барша астық егетін өңірлерде жауын-шашын 3-4 айлық нормада жауды. Егер де Ақмола облысына тоқталатын болсақ, бұл өңірде 34-тен 113 миллиметрге дейін түсті, бұл көрсеткіш нормадан 3,5 есеге жоғары. Жақын күндері жаңбырлы ауа-райы сақталады, алайда күндізгі температура жоғары болады. Маусымның басына қарай астық егетін өңірлерде 25-30, кей жерлерде 33 градус ыстық болады»,-деді Б. Сазанова.

Оның айтуынша, 3 маусымнан бастап кезекті жауын-шашынды күндер болжануда, ал 7-8 маусымда температура төмендеуі ықтимал.

Жалпы, биылғы жазда өсімдік шаруашылығы үшін тұрақсыз және қолайсыз табиғи жағдай болуы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар