7 адамның өлтірілуіне қатысты қылмыстық іс қозғалды - ҚР ІІМ
АСТАНА. 22 наурыз. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласының Октябрь ауданындағы Сортировка ауылында 20 наурызда шамамен сағат 19.00 кезінде Вагонное депо көшесіндегі екі көршілес үйде жеті адамның (3 әйел, 4 еркек) мәйіті табылды.
Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде полицейлер 1990 және 1991 жылғы екі күдіктіні анықтады. Олар қылмысты жасағандарын, адамдарды өлтіруге ішілген ішімдік пен одан кейін туындаған кикілжің себепкер болғанын айтты.
Зардап шеккендерді олар орындықтар, пышақтар және өзге де қолға түскен заттармен ұрып өлтірген екен.
Күдікті азаматтар Уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.