7 қыркүйек. Kazinform күнтізбесі. Тұлғалар туған күні
Бүгін, 7 қыркүйекте қандай танымал тұлғалар дүниеге келген? Kazinform оқырман назарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
Ербол ӨМІРАЛИЕВ, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы
1974 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша (1996), Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша (2002) бітірген.
Еңбек жолы: ҚР Конституциялық кеңесі аппаратының актілер мен халықаралық шарттарға ғылыми сараптама жасау бөлімінің консультанты (1996-2002); ҚР Премьер-министрі кеңсесінде өндірістік емес сала және өңірлік даму мәселелері бойынша Үкімет пен Премьер-министр актілерімен жұмыс жөніндегі сектор меңгерушісінің міндетін атқарушы, Үкімет актілерімен жұмыс жөніндегі сектор меңгерушісі, заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2002-2005); «Атамекен» Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің жалпыұлттық одағы» ЗТБ атқарушы директорының кеңесшісі, басқарма төрағасының орынбасары (2005-2007); «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ басқарушы директоры (2007-2008); «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарушы директоры (2008-2010); «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ басқарма төрағасының орынбасары (2010-2011); «Транстелеком» АҚ қаржы-әкімшілік мәселелер жөніндегі вице-президентінің міндетін атқарушы, корпоративтік басқару және құқықтық мәселелер жөніндегі вице-президентінің міндетін атқарушы, корпоративтік басқару және құқықтық мәселелер жөніндегі вице-президенті (2011-2015); ҚР Президенті Әкімшілігінің кадр саясаты секторы меңгерушісінің міндетін атқарушы, кадр саясаты секторының меңгерушісі (2015-2016); ҚР Бас прокуроры аппаратының басшысы (2016-2018); ҚР Жоғарғы соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары – Жоғарғы сот аппаратының басшысы (2018-2021).
Қазіргі қызметін 2021 жылғы маусымнан бері атқарып келеді.
«Құрмет» орденімен (2020), «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 25 жыл», «Мінсіз қызметі үшін», «Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін» медальдарымен марапатталған.
Махамбет ХАСЕНОВ, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты
1975 жылы Жамбыл облысының Жуалы ауданында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Халықаралық валюта-қаржы қатынастары» мамандығы бойынша (1997) бітірген. Италиядағы ENI Corporate University Scuola Enrico Mattei-де «Энергетика және экология саласындағы менеджмент және экономика» (MEDEA) мамандығы бойынша магистратурада оқыған (2001-2002).
Еңбек жолы: «Алмас и М» ЖШС менеджері (12.1995-11.1996); «Алмас и М» ЖШС Алматыдағы өкілдігінің басшысы (11.1996-04.1998); «Марк» ЖШС бас директоры (04.1998-03.1999); «Қазақойл» ҰМК Мәскеудегі өкілдігінің бас менеджері (1999); ҚР Қаржы министрлігі Фискалдық саясат және болжамдар департаменті Жобалар басқармасының мұнай-газ жобаларын салықтық сараптау бөлімінің жетекші экономисі (06.2000-02.2001); «Accept Corporation» ЖАҚ даму бөлімінің бастығы, бизнесті дамыту жөніндегі директоры (07.2002-12.2003); «Special Oil Projects» ЖШС бас директоры (2003 жылғы шілдеден); «Нефтебаза Альмерек» ЖШС бас директоры (2012 жылғы қарашадан); «Standard» сақтандыру компаниясы» АҚ басқарушы директоры (02.2013-12.2015); «Астана Банкі» АҚ вице-президенті, Директорлар кеңесінің мүшесі (06.2016-06.2018); Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы (2025 жылғы мамырдан).
Қазіргі қызметін 2026 жылғы тамыздан бері атқарып келеді.
Ерлан МОЛДАХМЕТОВ, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің бастығы
1976 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданының Ақтерек ауылында дүниеге келген. Д.А.Қонаев атындағы гуманитарлық университетті «Заңгер» мамандығы бойынша, Жолдасбеков атындағы Механика және машина жасау институтының экономика факультетін бітірген. Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының магистратурасында білім алған.
Еңбек жолы: Алматы қаласы мен Алматы облысының прокуратура органдарында түрлі қызмет атқарған (2004-2020); Алматы облысы Жамбыл ауданы прокурорының орынбасары; Алматы қаласы Алатау ауданы прокурорының орынбасары; Алматы қаласы Медеу ауданы прокурорының орынбасары; Алматы облысы Іле ауданының прокуроры; Алматы қаласының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры (2020-2025).
Қазіргі қызметін 2025 жылғы тамыздан бері атқарып келеді.
Нұрғали АСҚАНБЕКОВ, Түркістан облысы прокурорының орынбасары
1980 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген.
Еңбек жолы: Оңтүстік Қазақстан облысының түрлі аудандық прокуратураларында аудан прокуроры қызметін атқарған; Түркістан облысы прокуратурасының үкімдердің орындалуын қадағалау басқармасының бастығы (11.2025-06.2026).
Қазіргі қызметін 2026 жылғы маусымнан бері атқарып келеді.
Бауыржан ЖАНАЕВ, Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары
1982 жылы дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген.
Еңбек жолы: Шымкент қаласында тергеуші (2004); облыстық ішкі істер департаментінде қызмет атқарған (2007-2011); Мақтаарал аудандық ішкі істер басқармасы криминалдық полиция бөлімінің бастығы, осы басқарма бастығының орынбасары (2012-2014); құқық қорғау органдарында жауапты қызметтер атқарған; Түркістан облысы Төлеби ауданы полиция бөлімінің бастығы (2019-2022); Түркістан қаласы полиция басқармасының бастығы (2022-2024); Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары (2024-2026).
Қазіргі қызметін 2026 жылғы мамырдан бері атқарып келеді.
Алмат ЖҮКЕБАЕВ, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты
1983 жылы Жезқазған облысының Ұлытау ауданында дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Кеден ісі» мамандығы бойынша (2005), Қазақ қатынас жолдары университетін «Инженер-экономист» мамандығы бойынша (2007), М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Мемлекет пен бизнесті басқару» мамандығы бойынша (2017) бітірген.
Еңбек жолы: ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінде маман, бас маман (2005-2009); ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Салық саясаты департаментінің сарапшысы (2009-2010); ҚР Қаржы министрлігі Кеден саясаты басқармасының бастығы (2010-2011); ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кеден саясаты басқармасының бастығы (2011); «ҚазМұнайГаз» АҚ кедендік реттеу және трансферттік баға белгілеу мәселелері жөніндегі бас сарапшысы (2011-2020); «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ Стратегиялық даму және жобаларды талдау басқармасының басшысы (2020); KPMG in Kazakhstan and Central Asia кедендік консультациялар тобының басшысы (2020-2022); «Ұлытау» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары (2022-2023); «Ұлытау» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы (09.2023-04.2025); «GR Kenes» ЖШС директоры.
Қазіргі қызметін 2026 жылғы тамыздан бері атқарып келеді.
Мұхит (Мұхамбеткерей) МЕРАЛЫҰЛЫ, композитор-күйші, домбырашы, әнші
1841 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Әбілқайыр хан әулетінен шыққан Қаратай сұлтанның немересі.
Бала кезінен домбыра тартып, тойларда, үлкен жәрмеңкелер мен базарларда ән салған. Батыс Қазақстан, Орынбор, Жаманқала (Орск), Қостанай, Қазалы, Троицк, Ақтөбе және Арал өңірлерін аралаған. Ел арасында «Әнші Мұхит», «Сал Мұхит» атанған.
Боғда, Есбай, Тазбала, Сәулебай, Абыл күйлерін орындап, өзі де күй шығарған. «Паң көйлек», «Қыпшақ», «Дөң асқан», «Кербез» әндері оның дауыс диапазонының кеңдігін және орындаушылық шеберлігін танытты.
Александр Затаевич «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақтың 500 әні мен күйі» кітаптарында Мұхитты «қазақтың Баяны» деп атап, оның шығармашылығын Батыс Қазақстандағы ән өнерінің мектебі деп бағалаған. Мұхит күйлерінің бірін Затаевич нотаға түсірген.
Мұхиттың өнердегі мұрасын ұлдары Шоң мен Нәу, немерелері Шайхы, Лұқпан және Ғұбайдолла кейінгі ұрпаққа жеткізген. Оның әндер жинағы жарық көріп, шығармашылығы туралы зерттеулер жарияланған.
Қазақстан композиторлары Мұхит шығармаларын өз туындыларында кеңінен пайдаланған. Евгений Брусиловский «Алуаш» әнін «Жалбыр», «Үлкен Оразды» «Қыз Жібек», «Дүние-ай» әнін «Ер Тарғын» операсына енгізген. Борис Ерзакович «Айнамкөз» әнін ішекті аспаптарға арналған квартетінде пайдаланған. Ал Лев Шаргородский мен Сергей Шабельский «Зәуреш» әнін «Симфоньеттаның» екінші бөліміне музыкалық тақырып етіп алған.