7-Қысқы Азия ойындарына қатысатын 168 спортшының 68-ін «Динамо» мен АОСК өкілдері құрайды

«85 жылдық тарихы бар «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамынан бұл додаға спорттың 9 түрінен 43 спортшы қатыспақ. Олардың 2-еуі тау шаңғысы мен мәнерлеп сырғанаудан, 9-ы шаңғы жарысы, тұғырдан шаңғымен секіру және шорт-тректен, 5-еуі фристайлдан, 6-ауы биатлоннан, 7-еуі конькимен жүгіруден, 14-і шайбалы хоккейден бақ сынағалы отыр. Жалпы, "Динамо" спорт қоғамындағылар спорттың 25 түрімен айналысады. Оның 19-ы жазғы, 6-уы қысқы спорт түрлері", - дейді "Динамо" дене шынықтыру және спорт қоғамы Спорт басқармасының бастығы Николай Князев.
Армияшылардың орталық спорт клубы (АОСК) төрағасының орынбасары Алмат Тәжібаевтың айтуынша, 1970 жылы құрылған ҚР Қорғаныс министрлігінің Армияшылардың орталық спорт клубының мүшелері спорттың 17 түрімен айналысады. Олардың 12-сі жазғы, 5-еуі қысқы спорт түрлері. Қазақстанда биыл тұңғыш рет өткелі отырған 7-Қысқы Азия ойындарына армияшылар - биатлон (6), тау шаңғысы (2), шаңғы жарысы (12), шаңғымен тұғырдан секіру (2) және конькимен жүгіруден (3) 25 спортшы қосқалы отыр