7 мамыр Отан қорғаушылар күні мемлекеттік мереке ретінде белгіленеді - Мәжіліс

АСТАНА.  19 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңына толықтыру енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды.
None
None

Аталған құжаттың мақсаты 7 мамыр Отан қорғаушылар күнін мемлекеттік мереке ретінде белгілеу болып табылады. Заң жобасы ҚР Президенті - ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысының «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығы туралы» 2012 жылғы 3 мамырдағы бұйрығына сәйкес әзірленген.

«2012 жылы 7 мамырда Қазақстанның Қарулы Күштерінің құрылғанына 20 жыл толды. Осыған байланысты заң жобасында 7 мамыр Отан қорғаушылар күнін - Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі етіп белгілеу көзделіп отыр. Заң жобасының қабылдануы қосымша қаржы шығындарына, сондай-ақ теріс әлеуемттік-экономикалық салдарға әкеліп соқтырмайды»,-деді Қорғаныс министрінің орынбасары Сергей Громов.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Сенатқа жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар