7 өңірде 200 түрлі дәрілік құралды сату кезінде бағаны белгіленген межеден асырмау туралы меморандумға қол қойылды

АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Еліміздің 7 өңірінде 200 түрлі дәрілік құралды сату кезінде бағаны белгіленген шектен асырмау туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде  Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Алматы қаласы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстары бойынша департаменттері мен облыс әкімдері, өндірушілер, дәрілік құралдарды көтерме және бөлшек саудаға салумен  айналысатын фармацевтикалық қызмет субъектілері арасында 200 түрлі дәрінің бағасын көтермеу туралы меморандумдарға қол қойылды.   

Айта кететін жайт, 2011 жылдың 12 желтоқсанында Астанада  Денсаулық сақтау министрлігі мен кәсіби қауымдастықтар арасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмеген 200 түрлі дәрілік құралға бағаны шектеуге бағытталған меморандумға қол қойылған еді. Бұл шара ең алдымен тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтарын қорғау мақсатында жасалды.

Соңғы жаңалықтар