70 адам хлорға уланып қалды - араларында балалар мен аяғы ауыр әйел бар

Олардың басым бөлігі - хлор аққан кәсіпорынға жақын орналасқан үйлер. Уланып қалғандардың біреуі демікпеге шалыққан, қазіргі кезде ол ауыр халде жатыр. Олардың арасында балалар мен жүкті әйел бар, деп хабарлады РБК.
Хлор 800 литрлік резервуардан аққан. Жеке кәсіпорын Лило кентінде орналасқан. Жергілікті билік өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, кәсіпорын иран компаниясына тиесілі. Улы химикат төгілген аумақ қоршауға алынды, жедел жәрдем бригадасы мен өрт сөндіру қызметі және полиция қызметкерлері оқиға орнына аттандырылды.
Грузия Президенті Михаил Саакашвили және елдің денсаулық сақтау министрі Зураб Чиаберашвили ауруханаға жатқан жәбірленушілердің қал-жағдайын сұрап қайтты. Тбилисидің төтенше жағдайлар жөніндегі басшысы Темур Гиоргадзе мәлім еткендей, қазіргі уақытта апаттың салдары толығымен жойылды. Исани-Самгорск ауданының әкімшілігінен хабарланғандай, кәсіпорынның аумағына тиесілі ауаның сынамасы тұрғындардың өміріне еш қауіп жоқ екендігін көрсетті.