Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

700 киләға жуық марихуана заңсыз айналымнан алынды ? Жамбыл облысы

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Есірткі бизнесімен күрес жөніндегі аймақаралық бөлім қызметкерлері түнгі торуыл кезінде Шу ауданына қарасты Абай ауылының үш тұрғынын Шу алқабының Кекірелі учаскесінде кептірілген 30 қап марихуанамен ұстады.

700 киләға жуық марихуана заңсыз айналымнан алынды ? Жамбыл облысы
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.Ұсталғандарға сату үшін аса ірі көлемдегі (682 килә) есірткіні заңсыз сақтады деген айып тағылды. Күдіктілер жазда дайындалған, кептірілген және алдын ала тығып қойған сегіз центнер қарасораны кем дегенде 6 млн. теңгеге сатпақ болғандарын мойындады.