Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

71 кір жуатын мәшине ұрлағандар ақыры ұсталды

АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Ішкі істер министрлігінің Көліктегі желілік ішкі істер бөлімінің қызмет көрсету аймағында 9 қылмыс тіркеліп, оның 4-еуінің ізі суымай ашылды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

71 кір жуатын мәшине ұрлағандар ақыры ұсталды

11 наурыз күні кешкі 20-00-дер шамасында «Транс Азия Сток» уақытша сақтау темір жолында Ферейбей (ҚХР станциясы) - Бұрындай стансасы бағыты бойынша жөнелтілген контейнерді комиссиялық тексеруден өткізу кезінде жүк  саны 71 данаға аз болып шықты. Яғни контейнердегі «Фантазия» маркалы кір жуу машинасының біразы ұрланған болып шықты. 13 наурыз күні жүргізілген жедел-іздестіру шараларының барысында Алматы-1 стансасындағы Ішкі істер желілік басқармасының Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері мен «Достық» стансасындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері осы қылмысты жасағаны үшін Ақтоғай станциясында әскерилендірілген теміржол күзетінде жұмыс істейтін Ақтоғай станциясының бес тұрғынын ұстады.

Ұрланған 71 дана кір жуу машинасы ұсталғандардың бірінің тұратын жеріндегі шаруашылық бөлмелерінен табылды. Ұсталғандар Үшарал қалалық ішкі істер бөлімінің уақытша оқшаулау абақтысына қамалды.