750 мыңнан астам оқушы республикалық флешмоб аясында буллингке қарсы бірікті

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Еліміздің барлық өңірінде «Менің мектебім буллингке қарсы!» тақырыбында республикалық флешмоб өтті. Оған 750 мыңнан астам оқушы қатысты. Білім алушылар бірыңғай әуенге би билеп, кәмелетке толмағандар арасындағы буллинг мәселесіне назар аудартты.

750 мыңнан астам оқушы республикалық флешмоб аясында буллингке қарсы бірікті
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Әрбір мектеп флешмобты өз аумағында ұйымдастырды, би қимылдарын оқушылар өздері шығарды. Акцияға тек оқушылар ғана емес, олардың сынып жетекшілері де қатысты. Осылайша, балалар буллингке қарсы өз ұстанымдарын білдіріп қана қоймай, осы маңызды мәселе бойынша қоғамдық пікір қалыптастыруға үлес қосты.

750 мыңнан астам оқушы республикалық флешмоб аясында буллингке қарсы бірікті
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

«Буллинг» – әлемдегі өзекті мәселелердің бірі. Бүгін мектеп оқушылары флэшмобқа белсенді қатысты, сол арқылы біз қоғамның назарын балалардың қауіпсіздігі мәселесіне аудардық деп ойлаймын. Оқушылар акцияға қатысып қана қоймай, қоғамның хабардарлығын арттыруға нақты үлес қосты», - дейді «Өркен» БӘАҰҒПИ бірінші вице-президенті Елена Сакенова. 

Флешмоб оқу жылының басынан бері бүкіл ел бойынша #біздің мектепбуллингкеқарсы және #нашашколапротивбуллинга хэштегтерімен өткен челленджді қорытындылады. 

Соңғы жаңалықтар