8 ақпан күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

АСТАНА. KAZINFORM - Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 8 ақпан күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

анонс
Фото: Kazinform

10.00-де ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысы өтеді.

10.50-де «Tayelsiz Qazaqstannyn Halyq Batyrlary» республикалық қоғамдық бірлестігінде "Ауғанстаннан әскерлердің шығарылуының 35 жылдығы" тақырыбында брифинг өтеді.

11.00-де Назарбаев университетінде «Академия – Қазақстанның ғылымын дамытудың басым бағыттары төңірегінде еліміздің жетекші ғалымдарын біріктіретін ұйым» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

12.00-де ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде «2024 жылға арналған ҚР Салық кодексіндегі өзгерістер және салықтық және кедендік аудит нәтижелері» атты баспасөз мәслихаты өтеді.

14.30-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Астанада биологиядан ең беделді IBO-2024 халықаралық олимпиадасы өтеді» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

19.00-де Жастар театрында «Махаббат миниатюралары» қойылымы ұсынылады.

19.00-де «Astana Opera» театрында «Дон Паскуале» екі бөлімді драма-буффасы қойылады.

Соңғы жаңалықтар