8 қаңтар. Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 8 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


null 79 жыл
бұрын (1940) аудармашы, Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының құрметті азаматы Жарылқасын НҰСҚАБАЙҰЛЫ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында туған.

Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.

Еңбек жолын қазақ теледидарында бастап, бас редакторы болған. Қазақ телеграф агенттігінің (бүгінгі «ҚазАқпарат» ХАА) аудармашы-редакторы, «Жалын» баспасының бөлім меңгерушісі, «Мектеп» баспасының бас редакторы, директоры қызметтерін атқарған.

Балаларға арналған кітапшалардың, «Қазақ журналистикасының тарихы», «Көне басылымдар, аяулы есімдер», «Алты алаштың ардақтылары» атты ғылыми-педагогикалық еңбектердің авторы.

Х.Андерсеннің «Ертегілер жинағын», «Словак халық ертегілері», «Сібір халықтарының ертегілерін», Ш.Әлімбаевтың «Даналық субстанциясы» романын, Е.Кобалевтің «Хо Ши Мин» ғұмырнамасын, «Шаңқай түсте көлеңкелер қалмайды» деп аталатын 7 сериялы көркем фильмді, «Аласұртқан ақша» көркем фильмін, түрікмен жазушылары Х.Халлыевтің «Жол», Ш.Чарыевтың «Саз сырнайшы», беларус, қырғыз, тәжік, орыс, армян


null 63 жыл бұрын (1956) «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бас директоры, басқарма төрағасы Ғалымжан Жыршыбекұлы АМАНТҰРЛИН дүниеге келді.

Гурьев қаласында туған. Бүкілодақтық «Еңбек Қызыл Ту» орденді политехникалық институтты сырттай (1982) инженер-технолог мамандығы бойынша; Бүкілодақтық «Құрмет белгісі» орденді қаржы-экономикалық институтын (1992) экономист мамандығы бойынша бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты.

1991 жылдан - зауыт басқармасының өндірістік-техникалық бөлімі бастығының орынбасары, 1992 жылдан - №1 цех бастығы, Гурьев мұнай өңдеу зауытының бас технологы - техникалық бөлімінің бастығы. 1994 жылдан - бас директордың бірінші орынбасары - бас инженер; 1998 жылдың ақпанынан - мұнай өңдеу департаментінің директоры - бас инженері; 1998 жылдың қыркүйегінен - мұнай өңдеу департаментінің вице-президенті - директоры - бас инженері; 1999 жылдан - «Атырау МӨЗ» АҚ президенті. 2003 жылдың мамырынан - мұнай өңдеу департаментінің директоры, 2003 жылдың тамызынан - мұнай, газ және мұнай химиясы департаментінің директоры; 2006 жылдан - мұнай өңдеу департаментінің директоры; 2008 жылдан - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарушы директоры. 2009 жылдың маусымынан бері - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мүнай өңдеу және мұнай химиясы жобалары жөніндегі бас менеджері. «Emerson Process Management» (2004), «Bureau Veritas» (2005) кеңестерінің ұйымдастырушысы.

Қазіргі қызметінде 2016 жылдың қазан айынан бастап.

«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасыныңтәуелсіздігіне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен; «Мақат кен орнына 90 жыл» белгісімен марапатталған.

null 62 жыл бұрын (1957) Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы Ақылтай Ахметжанұлы ҚАСЫМОВ дүниеге келген.

Ол Түмен облысында (РСФСР) туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін құқықтану мамандығымен бітірген (1980).

Еңбек жолы: «Алма-Атаотделстрой» тресінің сылақшысы (1974-1975); Солтүстік Қазақстан облысы Соколов аудандық прокуратурасының тағылымгер тергеушісі (10.1980-11.1980); Солтүстік Қазақстан облысы Мәмлүт аудандық прокуратурасында тағылымгер (1980-1981); Петропавл қаласы Куйбышев аудандық прокуратурасында тағылымгер, тергеуші, аға тергеуші (1981-1983); Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы (1983-1987); Петропавл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының орынбасары (1987-1990); Жезқазған облыстық сотының төрағасы (1990-1993); Ақмола облыстық сотының төрағасы (1993-1999); Қарағанды облыстық сотының төрағасы (1999-2004); Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы (2004-2010); Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы (2010-2015).

Қазіргі лауазымын 2015 жылдың наурызынан бері атқарып келеді.

«Құрмет» орденімен (2002); «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған.

null 53 жыл бұрын (1966) ҚР Қарулы Күштері Әскери-Теңіз күштерінің бас қолбасшысы, вице-адмирал Жандарбек Сәдуұлы ЖАНЗАҚОВ дүниеге келді.

Қостанай облысы Демьянов ауданы Речное ауылында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1983 жылдан 1988 жылға дейін Владивосток қаласы С.О. Макаров атындағы Тынық мұхит Жоғары Әскери-теңіз училишесінің курсанты, мамандығы - «Кеме қару-жарағы». 2001 жылдан 2004 жылға дейін Шучье қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде оқыды. 2008 жылдан бастап Мәскеу қаласы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі Бас штабының Әскери академиясында оқыды.

1988 жылдан 1995 жылға дейін Суасты кемесі флотилияларының лауазымдарында қызмет өткерді. 1995 жылдан 2000 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің лауазымдарында қызмет етті. 2000 жылдан 2003 жылға дейін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде лауазымды қызметтерді атқарды. 2003 жылдан 2008 жылға дейін «Батыс» өңірлік қолбасшылығында әр түрлі басшылық лауазымдарда қызметте болды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі № 368 өкімімен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды.


null 52 жыл бұрын (1967) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіндегі мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі Мақсат Нұрдәулетұлы МҰҚАНОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін (1991), тарих оқытушысы, қоғамтанушы; ҚР Президенті жанындағы Ұлттық мемлекеттік басқару жоғары мектебін (1997) «Мемлекеттік басқару» мамандықтары бойынша бітірген.

1991 жылдан - Алматы облысы Қаскелең ауданы Райымбек ауылы ОМ мұғалімі. 1993 жылдан - ҚР сыртқы экономикалық байланыстар министрі және ҚР өнеркәсіп және сауда министрінің сарапшысы, бас маманы, министрдің көмекшісі. 1997 жылдан - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің бас маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары. 1999 жылдан - ҚР Қауіпсіздік кеңесі Талдау орталығының сектор меңгерушісі, орталық меңгерушісінің орынбасары. 2002 жылдан - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі «Экономикалық зерттеулер институты» РМК бас директорының орынбасары, бірінші орынбасары. 2003 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі. 2006 жылдан - «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары, басқарушы директоры - корпоративтік хатшысы. 2008 жылдың ақпан айынан бері - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Стратегиялық зерттемелер және талдаулар орталығының меңгерушісі. Қазіргі қызметінде 2017 жылдың сәуір айынан бастап.

«Құрмет» орденімен (2010), «Астананың 10 жылдығы» медалімен (2008) марапатталған.

null 50 жыл
бұрын (1969) ҚР Энергетика министрі Қанат Алдабергенұлы БОЗЫМБАЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. 1994-1997 жылдары - Алматы қаласы әкімінің көмекшісі. 1997-1998 жылдары - жекеменшік компанияның экономика мәселелері жөніндегі директоры, Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігі аумақтық саясат бөлімінің бастығы, Қаржы департаментінің бастығы, «ҚазТрансОйл» ЖАҚ экономика жөніндегі вице-президенті. 1998-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Мұнай және газ департаментінің директоры. 1999-2000 жылдары - «ҚазТрансОйл» ЖАҚ, «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ЖАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі. 2000-2001 жылдары - ҚР Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі. 2001-2008 жылдары «КЕGОК» ААҚ бірінші вице-президенті, президенті, «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқарудың қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының төрағасы қызметтерін атқарған. 2008 жылдан - «KEGOC» акционерлік қоғамының президенті. 2009-2013 жылдары Жамбыл облысының әкімі. 2013-2016 жылдары Павлодар облысының әкімі . Қазіргі қызметінде 2016 жылғы наурыздан бері.

Соңғы жаңалықтар
telegram