8 қазан күні Астанада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 8 қазанда болатын маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

АСТАНА
9.30-да Radisson Astana қонақ үйінде БҰҰ мен Қазақстан үкіметі стратегиялық басымдықтарды айқындау бойынша семинар өткізеді, онда БҰҰ ынтымақтастығының 2026-2030 жылдарға арналған келесі негіздемелік бағдарламасының мақсаттары мен нәтижелері айқындалады.
10.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді.
10.00-де ҚР Парламенті Сенатының спикері, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының ХХІІ отырысы өтеді.
14.00-де Rixos Astana қонақ үйінде «ASTAUFEST-2024» V Халықаралық гастрономиялық фестивалі өтеді.
14.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «2024 жылғы күзгі әскерге шақыру науқаны» туралы баспасөз конференциясы өтеді.
15.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысы өтеді.