8 қыркүйек. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. 8 қыркүйек. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 8 қыркүйекке арналған күнтізбесін ұсынады.

8 қыркүйек. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

8 қыркүйек, ДҮЙСЕНБІ Бүгін - Журналистердің халықаралық ынтымақ күні (1958). Бұл күні чех журналисі Юлиус Фучикті гитлершілер Берлин түрмесі - Плетцензеде айуандықпен өлтірген. Атаулы дата жалынды журналисті еске алу мақсатында Бухаресте өткен 4-ші Халықаралық журналистер ұйымы конгресінің шешімі бойынша атап өтіледі. Бүгін - Сауаттандырудың халықаралық күні. 1967 жылдан бастап, ЮНЕСКО Бас конфедерациясы 14-ші сессиясының 1.141. қарары негізінде аталып өтіледі. Блокада құрбандарын еске алу күні. 2006 жылғы қыркүйектің 8-інде Ұлы Отан соғысы тарихындағы ең қайғылы оқиғалардың бірі - 900 күнге созылған Ленинград қоршауына 66 жыл толды. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР 21 жыл бұрын (1993) Алматыдағы «Мұраттас» ғылыми-зерттеу баспа орталығы Әзіреті сұлтан Қожа Ахмет Ясауидің «Ақыл кітабын» («Диуани хикмет») қазақ тілінде жарыққа шығарды. 17 жыл бұрын (1997) Батыс Қазақстан облысының Орда ауылында Жәңгір хан кесенесінің ашылу салтанаты болды. 14 жыл бұрын (2000) Алматыда Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың 60 жылдық мерейтойына арналған «Болашаққа сеніммен» атты фотоальбомның тұсаукесер рәсімі өтті. «Отан» партиясының ұйымдастыруымен жарық көрген альбомда Елбасының жеке мұрағатынан алынған суреттер пайдаланылған. 13 жыл бұрын (2001) Астанада Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан картасы: «Атамекен» деп аталатын жаңа этномемориалдық парктің салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, оның лентасын қиды. Бұл картада Қазақстанның барлық аймақтары қамтылып, еліміз аумағында орналасқан 100-ден астам нысан түпнұсқасынан айнымайтындай етіп көрсетілген. Олардың арасында қалалар, ондағы басқару мекемелері, мәдениет ошақтары, ірі өндіріс орындары, тарихи ескерткіштер қамтылған. 10 жыл бұрын (2004) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан-Австрия қарым-қатынасын дамытуға қосқан елеулі үлесі, екі мемлекет арасындағы сан тарапты байланыстарды орнатуға тигізген ықпалы үшін Австрияның бұрынғы канцлері Франц Враницкийді І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. 8 жыл бұрын (2006) Бір топ американдық ғалым Калифорния штатының солтүстігі жағалауынан өздері «Жердегі ең биік тірі организм» деп таныған ағашты тапты. Гиперион деп аталған бұл ағаштың биіктігі 115 метрге жетеді. Бұған дейін әлемдегі ең биік «тірі организм» ретінде секвойя ағашы аталып келген еді. Ғалымдар «Стратосфера алыбы» деген екінші атауы бар биіктігі 100 метрден асатын 135 секвойя ағашын тапқан. Әлемдегі ең қарт ағаш саналатын - секвойя да осы Калифорнияда өседі. 8 жыл бұрын (2006) Моңғол ұлттық қоғамдық телеарнасында «ТВ-Толқын» атты қазақ бағдарламалары редакциясы өз жұмысын бастады. Теледидарлық бағдарлама қазақ тілінде аптасына 1 рет жарық көреді. 9 жыл бұрын (2005) Астанада Қазақстан Республикасы Үкiметтiк емес ұйымдары Ұлттық ақпараттық қор орталығының және оның ресми сайтының таныстырылымы болды. 7 жыл бұрын (2007) Қобда ауданының Жиренқопа ауылында Қобыланды батырдың мемориалдық кешені салтанатты түрде ашылды. Авторы - сәулетші Бек Ыбыраев. Қобда жағалауындағы мемориалдық кешен әскери тақырыпта салынған. Әскери бас киіміне ұқсатып жасалған дөңгелек ғимарат бұрынғы жерленген жерде бой көтерді. Мавзолейге бара жатқан жолда меңгір-тастары орнатылған, олар қолбасшының тыныштығын сақтайтын сарбаздар сияқты. Шетінде әскери жебеге ұқсатылып жасалған ғимарат, онда кішігірім мұражай және саяхаттанушыларға арналған қонақ үй бар. 7 жыл бұрын (2007) қыркүйектің 8-9 күндері Щучинск-Бурабай демалыс аумағында Қазақстан Республикасының «Білім туралы» жаңа заңына арналған «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның кубогы үшін І республикалық пікірсайыс турнирі болып өтті. Шараның ұйымдастырушысы - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ. 5 жыл бұрын (2009) қыркүйектің 8-12 аралығында Астана мен Алматыда «Үнді мәдениеті мен асханасының апталығы» фестивалі болып өтті. ЕСІМДЕР 91 жыл бұрын белгілі авар ақыны, Дағыстанның халық ақыны, Социалистік Еңбек ері, Лениндік сыйлықтың лауреаты ҒАМЗАТОВ Расул Ғамзатұлы (1923-2004) дүниеге келді. Дағыстанның Хунзах ауданында туған. Шығармалары 1937 жылдан жариялана бастаған. «Біздің таулар», «Атамекен», «Туған жылым», «Ағаға арнау», «Дағыстан көктемі», «Жарық жұлдыздар», «Соңғы баға» жыр жинақтарында, «Әкемен тілдесу», «Тау қызы», «Ананы аялаңдар» поэмаларында туған жердің сұлулығын, халық даналығын, ұлттық дәстүр ерекшелігін сүйіспеншілікпен жырлаған. «Жарық жұлдыздар», «Менің атам», «Тырналар» атты поэмалар мен өлеңдер жинағы, «Менің Дағыстаным» повесі қазақ тілінде жарық көрген. 79 жыл бұрын (1935) ғалым-инженер, техника ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылым академиясының, Халықаралық аграрлық білім академиясының корреспондент-мүшесі ДЕЙНЕГА Виктор Васильевич дүниеге келді. Қостанай қаласында туған. Челябі қаласындағы ауылшаруашылықты электрлендіру және механикаландыру институтын бітірген. Қостанайдағы транспорт және өндірістік мекемелердің жетекші инженері, мотожөндеу зауытының бас инженері, қалалық атқару комитеті өндіріс бөлімінің меңгерушісі, Қостанай қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, «Орталық электр жүйелері» мекемесі директорының орынбасары, Қостанай ауылшаруашылық институты инженерлік техника факультетінің деканы болған. 2002-2007 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік экономикалық университетінің ректоры қызметін атқарған. Негізгі ғылыми еңбектерінің бағыты - гидрожылу энергетика саласы. 100-ден астам ғылыми еңбектің және 3 оқулықтың авторы. Мемлекеттік сыйлықтармен марапатталған. 44 жыл бұрын (1970) Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің» бас директоры ДИЯРОВ Дәурен Кеңесұлы дүниеге келді. Алматы қаласында туған. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (қазіргі Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті), Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын бітірген. 1993-1994 жылдары - «АРУС» Кәсіби футбол клубының аудармашысы, 1994-1995 жылдары - «Стройимпорт» компаниясының менеджері. 1995-1997 жылдары - «ВИА» ЖШС-ның директоры. 1997-1998 жылдары - «Рахат-Металз» ЖШС құнды қағаздар департаментінің директоры, «Центраз Файнанс Секьюритиз ЛТД» қаржы жөніндегі директордың орынбасары. 1998-2000 жылдары - «Веста» ЖШС қаржы жөніндегі директордың орынбасары. 2000-2002 жылдары «Д.Д.Д.» ЖШС-ның директоры. 2002-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің бас маманы. 2003-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі жастар саясаты департаменті директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі жастар саясаты департаментінің директоры. 2004-2007 жылдары - «Қазақ ақпарат агенттігі» ҰҚ» АҚ-ның экономика және даму жөніндегі вице-президенті. 2007-2013 жылдары - «Қазақ ақпарат агенттігі» ҰҚ» АҚ-ның президенті6 бас директоры қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2014 жылдың қаңтарынан бері. 62 жыл бұрын (1952) ҚР Ақмола облысының әкімі КУЛАГИН Сергей Витальевич дүниеге келді. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалған.

Ақмола облысында туған. Целиноград ауыл шаруашылық институтын, Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Инженер-механик, саяси ғылымдардың кандидаты. Бас инженер, өнеркәсіптік бірлестігінің басқарма басшысы, совхоз директоры, аудан және облыс деңгейіндегі әртүрлі партиялық лауазымдарында, Торғай облысы әкімшілігнің басшысы, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, ауыл шаруашылығы министрі, Ақмола және Қостанай облыстарының әкімі болып қызмет атқарған.

ІІІ және ІІ дәрежелі «Барыс», «Отан», «Дружба» (Ресей Федерациясы) ордендерімен, он бес медальмен, соның ішінде «Ерен еңбегі үшін» (КСРО) медалімен марапатталған 47 жыл бұрын (1967) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі ПЕРУАШЕВ Азат Тұрлыбекұлы дүниеге келді. Жамбыл облысы Қордай ауданының тумасы, ғылым кандидаты. 1984 - 1991 жж. - М. Горький атындағы Орал мемлекеттік университеті (Свердловск қаласы); 1995 - 1996 жж. ҚР Президенті жанындағы Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебі (Алматы қаласы); 1998 - 2000 жж. - Жетісу экономикалық институты (Талдықорған қаласы); 2011 ж. - РФ Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясының докторанты. Еңбек жолын Қиыр Солтүстік портында жүк тасушы болып бастаған. 1991 ж. - Қазақстан Компартиясы Панфилов аудандық комитетінің нұсқаушысы. 1992 - 1995 жж. - Талдықорған облысы әкімшілігінің консультанты, сектор меңгерушісі. 1996 - 1998 жж. - ҚР Президенті Әкімшілігінің консультанты, сектор меңгерушісі. 1998 - 2005 жж. - «Қазақстан алюминийі» АҚ бас директорының орынбасары, вице-президенті. 2006 ж. - Қазақстан Азаматтық партиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы. 2006 - 2011 жж. «Атамекен» ҚҰЭП басқармасының төрағасы. 2011 жылғы шілдеден - «Ақ жол» ҚДП төрағасы.

2012 жылғы қаңтардан - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясының фракция жетекшісі.

ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен (2008 ж.) марапатталған, «Қазақстан алюминийі» АҚ еңбек сіңірген қызметкері (2005 ж.). «Мәдени бастама» кеңес-америка қорының жас ғалымдар сыйлығының лауреаты (1991 ж.). Қазақстан ЛКЖО ОК Құрмет грамотасы (1987 ж.). 78 жыл бұрын (1936) әскери және саяси қайраткер, отставкадағы генерал-майор, журналист, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері ҚАЛМАТАЕВ Мұрат Дүйсенбіұлы дүниеге келді. Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), Алматы жоғары партия мектебін бітірген. 1959-1965 жылдары - Семей облысы, Көкпекті ауданы комсомол комитетінің бірінші хатшысы, аудандық «Жұлдыз» газетінің редакторы. 1967-1975 жылдары - Семей облыстық партия комитетінің нұсқаушысы, партиялық-ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 1975-1980 жылдары - Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің инспекторы. 1980-1983 жылдары - Орал облыстық партия комитетінің хатшысы. 1983 жылы республикалық Ішкі істер министрлігінің жаңадан ұйымдастырылған саяси бөлімі бастығы болып тағайындалды. Оның азаматтық тұлғасы желтоқсан оқиғасы кезінде айқын көрінді. Республика Бас прокурорына, Қазақстан коммунистік партиясы орталық комитетінің 2-хатшысына кіріп, алаңда заңсыздыққа жол беріліп жатқанын айтып, бұл тағылықты тоқтатуды талап етті. Әділдік жолындағы осы заңды әрекеттері үшін «өз қызметіне лайықсыз адам» ретінде Ауғанстан соғысына жөнелтілді. 1988-1989 жылдары Ауғанстан соғысында бірнеше жауапты операцияларға қатысып, басшылық етті. Майданнан аман-есен елге оралып, 1989-1994 жылдары Семей облыстық Ішкі істер басқармасын басқарды. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кеңесшісі болып тағайындалып, 1995-1997 жылдары «Сонар» фирмасының вице-президенті болды. 1996 жыллдан - «Намыс» ЖШС-інің директоры, ал 2000 жылдың қыркүйегінен - «Намыс-Секьюрити» ЖШС-інің президенті болып қызмет атқарған. «Құрмет белгісі», Қызыл Жұлдыз, Халықтар достығы, «Отан күзетінде» ордендерімен, көптеген КСРО және шет ел медальдарымен марапатталған. 103 жыл бұрын (1911-1994) Қазақ КСР еңбек сіңірген зоотехнигі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты СУББОТИН Виктор Яковлевич дүниеге келді. Ресей Федерациясында туған. Мәскеу зоотехникалық инстиутын бітірген. 1935-1938 жылдары - Коми-Пермяк округтік атқару комитетінің нұсқаушы-радисі, кеңшар аға зоотехнигі. 1938-1946 жылдары - Қазақ КСР Халық комиссариатында зоотехник, аға экономист, аға зоотехник, бөлім бастығы. 1946-1947 жылдары - Қазақ КСР Мал шаруашылығы министрлігінің басқарма бастығының орынбасары. 1947-1953 жылдары - Қазақ КСР кеңшарлар министрлігінің мал шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, бастығы, министрдің орынбасары. 1953 жылы - Қазақ КСР ауыл шаруашылығы және дайындау министрлігінің кеңшарлар бас басқармасының бастығы. 1953-1954 жылдары - Қазақ КСР кеңшарлар министрінің орынбасары. 1954-1961 жылдары - Қазақстан Компартиясы ОК бөлім меңгерушісінің орынбасары. 1961-1964 жылдары - Қазақстан КП Орталық Комитетінің ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі. 1963-1964 жылдары Қазақстан КП ОК ауыл шаруашылығын басқару бюросы төрағасының орынбасары. 1964-1978 жылдары - Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрі, министрдің орынбасары. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. Үш Еңбек Қызыл ту, үш «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған. 52 жыл бұрын (1962) ҚР Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитетініің мүшесі НӨГЕРБЕКОВ Серік Нөгербекұлы дүнииеге келді. 1984 жылы Қарағанды кооперативтік институтын бітірген, экономист-ұйымдастырушы. Экономика ғылымдарының докторы. 1984-1986 жылдары - Қарқаралы қоғамдық тамақтандыру мекемесінің экономисі, Қарқаралы зооветтехникумы комсомол комитетінің хатшысы. 1986-1991 жылдары - Қазақстан ЛКСМ Қарқаралы аудандық комитетінің екінші хатшысы, «Қарағанды Трансагенттігі» АКК Қарқаралы агенттігінің бастығы, Қарқаралы аудандық агроөнеркәсіп қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитетінің нұсқаушысы. 1991-1998 жылдары - «Алтынемел» АҚ менеджері, «Қазөнеркәсіпэкспорт» республикалық сыртқы экономикалық кәсіпорны «Көмір-экспорт» фирмасының директоры, «Қазыбек» мемлекеттік сыртқы экономикалық корпорациясының вице-президенті (Алматы). 1998-2000 жылдары «Мир» мемлекетаралық телерадиокомпаниясы филиалы директорының орынбасары. 2000-2002 жылдары - Қарағанды облыстық қаржы басқармасының бастығы. 2002-2005 жылдары - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің қаржылық реттеу департаментінің директоры. 2005-2007 жылдары - «Еснұр және К» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы. 2007-2009 жылдары - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ президенті. 2009 жылғы маусымда Мемлекет басшысының Өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің мегерушісі болып тағайындалды. Қазіргі қызметінде - 2013 жылғы тамыздан бері. 78 жыл бұрын (1936) тарих ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Қоғамдық ғылымдар академиясының академигі ТАБЫЛДИЕВ Хисмет Бозанұлы дүниеге келді. Атырау облысының Махамбет ауданында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген. 1963-1994 жылдары - Гурьев педагогикалық институтының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, деканның орынбасары, проректоры, ректоры. 1994-2000 жылдары - Атырау университетінің ректор-үйлестірушісі, ректоры, ректордың кеңесшісі. 2000-2003 жылдары - Атырау облыстық мәслихатының депутаты, хатшысы. 2003-2008 жылдары - «Атырау» газеті бас редакторының орынбасары. Үш томдық «Боздақтар» жинағының, Атырау облысы энциклопедиясының, «Ақтаңдақтар ақиқаты», «Құрманғазы», «Кіші жүз руларының тарихы мен шежіресі», «Сауатсыздықтан білім шыңына», «Сарайшық», «Қазақстанда сауатсыздықты жоюдың қиыншылықтары» монографияларының, 200-ге жуық ғылыми еңбектің авторы. Облыстық ономастикалық комиссияның мүшесі болып табылады, Гурьев қаласының атауын Атырау, Ембі ауданын - Жылыой қылып өзгертуге ат салысқандардың бірі. «Парасат» орденімен, «Еңбек ардагері», «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстанның 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін», «Каспий маңы жоғары оқу орындары қауымдастығының 10 жылдығы» медальдарымен, құрмет грамоталарымен марапатталған.