8 мамырда елімізде ауа райы құбылмалы болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 мамырда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде найзағайлы жаңбыр жауады, жел күшейеді, шығыста түнгі және таңғы кездері тұман түседі, деп хабарлайды Қазгидромет.

8 мамырда елімізде  ауа райы құбылмалы болады

Солтүстік Қазақстан облысында түнде жел 15-20 м/с күшейеді,  кей жерлерінде желдің екпіні 23-28 м/с болып, кей жерлерінде найзағай, күндіз кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ге жетеді.

Оңтүстік Қазақстан облысында найзағай болғанда жел 15-20 м/с-ге дейін күшейеді.

Қостанай, Қарағанды, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде найзағайлы жауын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20м/с күшейді.

Түнде Жамбыл, күндіз Алматы, Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде найзағайлы жауын күтіледі.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұмантүсуі ықтимал.