8 наурыз құрметіне әйелдерге 100 доллардан сыйақы беріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Душанбе басшылығы 8 наурызда көше жинайтын әйелдерге сыйлық ретінде 100 доллардан беретін болды. Бұл туралы Тәжік телеграф агенттігіне қала төрағасының баспасөз хатшысы Шавкат Саидов хабарлады, деп жазады «Айқын» газеті.

8 наурыз құрметіне әйелдерге 100 доллардан сыйақы беріледі

Басылымның мәліметінше, Душанбе қаласы басшылығының шешіміне орай дәстүр бойынша 8 Наурыз - Ана күні қарсаңында қаладағы жол-пайдалану басқармасының көше сыпырушы әйелдеріне 500 сомони мөлшерінде (шамамен $100) сыйақы берілетін болды.

Жалпы алғанда, көше тазалау жұмыстарына қатысатын 2 мың 131 әйелге осындай көлемде сыйақы беріледі.