8 облыста орман өртін сөндіру станциялары тапшы

АСТАНА. KAZINFORM – Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында орман өртін сөндіру станцияларын жаңартуға ақша бөлмей отырған облыстарды атады.

Өрт сөндіру техникасы
Фото: Абай облысы әкімдігі

— Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында ормандағы өрт сөндіру станцияларының жетіспеушілігі байқалады. Ал оның жартысы өткен ғасырдың 50-60 жылдары салынған. Облыстардың жергілікті бюджеттеріне эмиссия үшін төлемдер түскенімен олар жаңа орман өрт сөндіру станцияларын салуға бағытталмаған, — деді министр.

Оның айтуынша, орман инспекторларының тапшылығы күрделі мәселеге айналып үлгерген. 

— Былтырдан бері орман күзеті жеке құрамының жетіспеушілігі күрделі мәселе болып отыр. Шығыс Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында орман күзетiнiң штат санын нормативке дейiн жеткiзу мәселесi шешiлмеген, — деді ведомство басшысы.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында өрт сөндірушілер қамыс пен шөпті шарпыған тілсіз жаумен әлі күресіп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар