8 СӘУІР . ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. 8 сәуір. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 8 сәуірге арналған күнтізбесін ұсынады.

8 СӘУІР . ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

8 СӘУІР, СЕЙСЕНБІ

Халықаралық сығандар күні. 1971 жылы бірінші Бүкілдүниежүзілік сығандар конгресі өткізілді. Осы конгресте Бүкілдүниежүзілік сығандар одағы құрылып, әнұраны мен туы қабылданды.

Сыған туралы алғашқы естеліктер 1501 жылы сыған таборының көсемі Васильдің Литва князі Александр Казимировичтен күзет грамотасын алған кезден бастау алады. Бүгінгі таңда аталмыш мереке ірі сыған ұйымдары бар 60-қа жуық елде жыл сайын атап өтіледі.

Халықаралық тайцзи және цигуна күні (имунитетті күшейтуге арналған көне қытайлық жаттығулар жүйесі).

Будданың туған күні. Бұл күні әлемнің барлық буддистері будда дінінің негізін қалаған әулиенің туған күнін атап өтеді. 2000 жылы Будданың туған күні ЮНЕСКО-ның күнтізбесіне енгізілген.

Әскери комиссариат қызметкерлерінің күні. Бұл дата 1918 жылы әскери комиссариатын құру туралы декреттің қабылданған күніне орай белгіленді. Сол жылы 8 сәуірде Халықтық Комиссариат Кеңесі әскери істер бойынша комиссарларды құру туралы декрет қабылдады. Аталмыш декреттің негізінде бір жылдың ішінде Кеңес Одағының аумағында 385 уездік, 39 губерндік және 7 аумақтық комиссариаттар құрылды. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

19 0 жыл бұрын (1824) Батыс Сібір генерал-губернаторы П.М. Капцевичтің бұйрығымен полковник Броневскийдің отряды Қарқаралы сыртқы округін, ал сол жылғы сәуірдің 29-да подполковник Григоровскийдің отряды Көкшетау сыртқы округін ашты. Қарқаралы округінің аға сұлтаны болып Бөкей ханның туысы Тұрсын Шыңғысов, ал Көкшетау округіне Уәли ханның ұлы Ғұбайдолла Уәлиханов сайланды.

1 5 жыл бұрын (1999) ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола облысының әкімдігі Астана қаласынан Көкшетауға көшірілді.

9 жыл бұрын (2005) Алматыда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің «Тәуелсіз Қазақстанның шақалары» атты фото көрмесі өтті. Көрмеге қойылған жәдігерлердің қатарында «Қызыл кітап», «Номадтар алтыны», «Тарихи-сәулет ескерткіштері», «Қазақстанның қызыл кітабы», «Спорт», «Көне Түркістан» сериялары бойынша шыққан шақалардың суреттері бар.

9 жыл бұрын (2005) Алматыда Халықаралық экономика мектебі ашылды. Аталмыш мектеп Қазақстан-британ техникалық университетінің бір бөлігі болып табылады.

8 жыл бұрын (2006) Алматыдан Солтүстік белдеуге Қазақстанның алғашқы полярлық экспедициясы шықты.

6 жыл бұрын (2008) Мәскеудегі Қазақстан Елшілігінде «Ресейдегі қазақтар» кітабының таныстырылымы өтті. Хронологиялық қағида бойынша құрастырылған екі томдық жинаққа 600-ден астам өмірбаяндық анықтамалар енгізіліп отыр. Мұрағат материалдарына, анықтамалық-энциклопедиялық әдебиеттерге, жеке сауалдарға негізделген бұл кітапта әр жылдары Ресейде тұрған, сондай-ақ қазір де сонда тіршілік кешіп жатқан ұлты қазақ айрықша тұлғалар таныстырылады. Кітап нақты бір адамның тағдыры арқылы жаңа дәуірде Қазақстан мен Ресей аумақтарында орын алған тарихи және көші-қон үдерістерін қадағалауға мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған үдерістердің барысында Ресейде қомақты қазақ диаспорасы қалыптасып, бүгінде онда 1 миллионнан астам қазақ тұрып жатыр.

6 жыл бұрын (2008) Ақтөбеде АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Елшісі Джон Ордвейдің қатысуымен республикалық ғылыми-техникалық кітапхананың филиалында американдықтардың бұрышы ашылды.

6 жыл бұрын (2008) Қазақстанда Ұлттық бюджеттік желі құрылды. Жаңа құрылымның мақсаты - бюджеттік үдерістің ашықтығын, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қоғамға есеп беруін қамтамасыз ету. Осы бағытта қоғамның мемлекеттік бюджетті жоспарлау, құру, орындау, бақылау ісіне жанама түрде қатысуына қол жеткізуді және бюджеттік бағдарламалардың нәтижелілігін жақсартуды көздеп отыр.

5 жыл бұрын (2009) Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Халықаралық жас физиктер «Космос, ядро, ғылым және нанотехнология» мектебі ашылды.

Ұйымдастырушылары - Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті.

4 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне лаңкестікке қарсы күрес мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Заң лаңкестікке қарсы шаралардың жүйесін құрудың халықаралық тәжірибесін ескере отырып, лаңкестікке қарсы күресудің құқықтық негіздерін жетілдіруге, лаңкестікке қарсы қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған.

4 жыл бұрын (2010) «Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасының арасындағы стратегиялық серіктестік туралы шартты ратификациялау туралы» Заңға қол қойды.

4 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің терроризмге қарсы бірлескен оқу-жатығуларын ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

4 жыл бұрын (2010) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансфертті республикалық бюджетке бағыттауды қарастырған «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2010-2012 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Заңға қол қойды.

4 жыл бұрын (2010) Алматыда қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қатар жарық көрген «Абайдың қарасөздері» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

«Абай еңбегін орыс тіліне аударған қазақтың атақты аудармашысы Клара Серікбаева. Ол Шәкәрім, Әуезов, Аймауытов сынды ұлылардың шығармаларын орыс тіліне, шығыс ғұламаларының еңбектерін қазақ тілі мен орыс тіліне аударған. Ал, ағылшын тіліне аудармашыны біз ұзақ іздедік. Өйткені, ұлы Абайдың шығармасы қазақ халқының рухани мәдениетінің шыңы болып табылады. Сондықтан біз, ең жақсы аудармашы-ақынды іздедік. Біздің сұрауымызбен, Абай еңбегін менің Англиядағы досым, түркітанушы Ричард Маккейн аударды. Ол орыстың ұлы ақындарының шығармаларын ағылшын тіліне аударған аудармашы- ақын», деді «Халықаралық Абай клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті, жазушы Роллан Сейсенбаев. Кітапты шығарудағы басты мақсат - қазақтың ұлы ақыны Абайдың шығармаларын әлемге таныстыру. Аталмыш кітапты «Халықаралық Абай клубы» қоғамдық бірлестігі 4000 данамен шығарды.

4 жыл бұрын (2010) Атыраудағы «Каспиймұнайгаз» ғылыми-зерттеу институтында жер қыртысы жағдайындағы керндік материалдарды зерттеуге арналған петрофизикалық зертхана жұмысқа кірісті.

Бұл зертхана аймақтың жер қойнауын пайдаланушылары мұнайлы кен орындарының өнімді қыртыстарын, соның ішінде қазып алынған керндік материалды да тиісті зерттеулерін шұғыл әрі сапалы жүргізуге мүмкіндік беретін бірегей жабдықпен жарақтандырылған. Бұрын жер қыртысының өнімділігі деңгейін, мұнай жатқан жер тереңдігін айқындап беретін мұндай зерттеулер шет елдерде жүргізілетін еді. Енді соның бәрін өз елімізде жасауға тамаша мүмкіндік туды.

4 жыл бұрын (2010) Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының көрме залында белгілі ғалым, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор Ақселеу Сейдімбектің құжаттық жеке қорының ашылу рәсімі өтті.

Құжаттық жеке қорда 1961-2009 жылдар аралығында жазылған 700 жуық хаттар жинақталған. Соның ішінде көрмеде Әлкей Марғұлан, Мәлік Ғабдуллин, Лев Гумилев, Ғабит Мүсірепов, Асқар Тоқмағамбетов, Әбділда Тәжібаев, Ғали Орманов, Оралхан Бөкей, Жомарт Әбдіхалық, Иманғали Тасмағамбетов сынды мемлекет және қоғам қайраткерлерінен, ақын-жазушылардан, әріптестерінен келген 20-ға жуық хаттар орын алған.

Ақселеу Сейдімбек 1942 жылғы желтоқсанның 12-сі күні Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Байдалы би ауылында дүниеге келді. Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған соң «Лениншіл жас», «Орталық Қазақстан», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде, «Зерде» журналы мен «Әлем» альманағында жұмыс істеді. Одан кейін Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында Қолжазба бөлімінің меңгерушісі, Ыбырай Алтынсарин атындағы білім институтының директоры, Қазақ Білім академиясының президенті, Қазақстан Республикасы Президенттік Мәдени орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. Ғалым-этнограф 2000 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Астанадағы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің професоры болып еңбек етті. Ақселеу Сейдімбек 2009 жылғы қыркүйектің 16-сы күні дүниеден озды.

4 жыл бұрын (2010 ) Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы мен Кембридж (Ұлыбритания) университетінің арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Ғылыми-зерттеу қызметтерін бірге өткізу, Академия қызметкерлері мен тыңдаушыларына Кембридж университетінде стажировкалар өткізу, екі жақтың ынтымақтастығы мемлекеттік қызметкерлерді дайындау жөнінде құжатта қаралған. Бірлескен сертификациаланған бағдарлама жұмыстары бөлек қарастырылған. Кембридж университетімен серіктестік Академияның халықаралық қарым-қатынасын жаңа сапалы деңгейге көтереді. Лайықты 2 және 14 орын алатын Беркли және Дьюк (АҚШ) университеті, Times Higher Education болжамы бойынша вуздардың дүниежүзілік рейтингінде Лондондық экономика мектебі 5 орын - Академияның басқа да серіктестіктерінің арасында дүниежүзілік отыздық тобы көрсетілген.

3 жыл бұрын (2011) Астанадағы Тәуелсіздік сарайныда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау салтанатты өтті. Онда Елбасы Қазақстан халқына ант беріп, оған ҚР Президентінің куәлігі табысталды.

248 жыл бұрын (1766) АҚШ-та өрт сөндіру сатысы алғаш рет патенттелді. Алғашқы сатының биіктігі 10 метр болды.

1 жыл бұрын (2013) британдық саясаткер, мемлекеттік қайраткер Маргарет Тэтчер өмірден өтті. 1979 мен 1990 жылдар аралығында Ұлыбританияның Премьер-Министрі қызметінде болды. 1992 жылдан бастап баронесса атанған.

ЕСІМДЕР

115 жыл бұрын (1899-1977) биология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ГАЛУЗО Илларион Григорьевич дүниеге келді.

Ленинград мал дәрігерлік институтын, КСРО Ғылым академиясы Зоология институтының аспирантурасын бітірген. 1933-1946 жылдары - КСРО Ғылым академиясы Тәжік базасының аға ғылыми қызметкері, Қазақ филиалының зертхана меңгерушісі, филиал төрағасының орынбасары. 1946-1951 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясының академик хатшысы. 1946-1977 жылдары Қазақстан Ғылым академиясы Зоология институтының директоры, зертхана меңгерушісі болған.

«Ленин», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасымен, Е.Павловский атындағы алтын медальмен марапатталған.

10 9 жыл бұрын (1905-1986) актер, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі БАЙЫРМАНОВ Хасен дүниеге келді.

Павлодар облысы, Ақсу ауданында туған. Мәскеудегі Орталық өнер техникумын бітірген.

1930 жылы Қазақ драма театрына қабылданып, М.Әуезовтің «Еңлік-Кебегіндегі» Жапалдың, Ж.Шаниннің «Шахтасы» мен «Торсықбайындағы» жалшының рөлдерін ойнап, актерлік өнерге бейімділік танытады.

1934 жылы ашылған Семей театрында өмірінің соңына дейін еңбек етті. Мұнда ол М.Әуезовтің пьесалары бойынша қойылған қойылымдардың бәріне қатысып, Жантық, Қараменде би, Төлеген, Қоңқай, Қарабай және тағы басқа рөлдерде ойнаған. Халық әндерін орындауда өз ерекшелігімен танылды. Иса Байзақовтың «Желдірмесін» өзгеше айтатын әншілердің бірі болған.

80 жыл бұрын (1934) Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік корей музыкалық комедия театрының актрисасы ЛИМ Роза Владимировна, дүниеге келді.

7 5 жыл бұрын (1939-2006) жазушы, тарих ғылымының кандидаты ТОЛМАЧЕВ Геннадий Иванович дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген. «Казахстанская правда» газетінің тішісі, «Комсомольская правда» газетінің Қазақстандағы тілшісі қызметтерін атқарған. 1975-1999 жылдары - «Огни Алатау», «Народная Конгресс Казахстана» газеттерінің, «Простор» журналының бас редакторы болған. Қаламгердің бірнеше кітабы жарық көрген. Көркем аударма саласында О.Әубәкіровтің «Сиқыршы» сықақ әңгімелер кітабын орыс тіліне тәржімалаған.

«Халықтар достығы» орденімен, медальдармен марапатталған.

5 6 жыл бұрын (1958) экономика ғылымының докторы, Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы КОРЖОВА Наталья Артемовна дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген. 1979-1996 жылдары - Қазақ КСР, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің экономисі, аға экономисі, бөлім бастығы - басқарма бастығының орынбасары, бастығы, департамент бастығы. 1996-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. 1999-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы қаржы вице-министрі. 2002-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау бірінші вице-министрі, вице-министрі. 2006-2007 жылдары Қазақстан Республикасының Қаржы министрі болған.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

5 4 жыл бұрын (1960) Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі ТӘЖИН Марат Мұхамбетқазұлы дүниеге келді.

Ақтөбеде туған. 1981 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «экономист» мамандығы бойынша бітірді. Философия ғылымдарының кандидаты (1985). Әлеуметтік ғылымдар докторы (1990). Профессор (1993). ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі (1995). Ресей әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі (1997). ҚР саяси ғылымдар академиясының академигі және президенті (1997).

1981-1983 жылдары - ҚазКСР ҒА өндірістік күштерді зерттеу жөніндегі Кеңесінің инженер-экономисі. 1983-1987 жылдары - Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспиранты, оқытушысы. 1987-1988 жылдары Ұлыбританиядағы Лондон университетінде тағылымдамадан өтті. 1991-1992 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазМУ жанындағы қоғамдық ғылымдар оқытушыларының біліктілігін арттыру институтының кафедрасына жетекшілік жасады. 1992 жылдан - Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кабинетінің Аппаратында: Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары, меңгерушісі, ҚР Президенті Аппараты Басшысының орынбасары және Ақпараттық-талдау орталығының жетекшісі. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік кеңесшісі. 1995-1999 жылдары - Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары және Президент Әкімшілігі Талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының жетекшісі. 1999-2001 жылдары - Президенттің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы. 2000 жылы Жемқорлықпен күрес жөніндегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік комиссиясының төрағасы міндетін атқарды. 2001 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарды. 2002 жылы - Президенттің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы. 2002-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары. 2006-2007 жылдары - Президенттің көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы. 2007-2009 жылдары - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі. 2009-2013 жылдары - Президенттің көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.

2013-2014 жж Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды. 2014 жылдың ақпанынан қазіргі қызметте.

Әлеуметтік ғылымдар докторы, профессор. «Барыс» және «Құрмет» ордендерімен марапатталған. Дипломатиялық дәрежесі - Төтенше және Өкілетті елші.

40 жыл бұрын (1974) Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиадаляқ комитеттің вице-президенті СЫЗДЫҚОВА Бақыт Ахметқызы дүниеге келді.

Целиноград қаласында туған. С. Сейфуллин атындағы Ақмола педагогикалық университетін бітірген (1996), орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі. Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінің профессоры (Семей қаласы, 2009 жылдан). «Нұр Отан» ХДП мүшесі (1999 жылдан).

1996 жылдан - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Жастар мәселесі комитетінің төрағасы, педагогика пәнінің оқытушысы. 1998-2001 жылдары - «Қазақстанның болашағы үшін» жастар қозғалысы кеңесінің төрағасы (Алматы қаласы). 1998-2003 жылдары - Жастар парламенті, астаналық КВН лигасы, Еуразиялық эксперименталдық институттың, «Бірлік» жастар қозғалысының, астаналық жастар ұйымдары ассоциациясының, Астана, ҚР КВН құрама командасының, КВН республикалық лигасының, Қазақстан скауттар қозғалысы ұйымы филиалын ұйымдастырушылардың бірі, Астана қаласы жастар сайлауалды штабының және ҚР Президенттігіне үміткер Н.Ә. Назарбаевты қолдау бойынша «Біз кімді таңцайтынымызды білеміз!» астаналық акциясының жетекшісі . 1999-2006 жылдары - Астана қаласы әлеуметтік және ұлттық-мәдени даму бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы. 2001-2006 жылдары - «Ақбота» балалар қоғамдық қорының атқарушы директоры (Астана қаласы). 2002-2006 жылдары - ҚГ балалар қоры кеңесінің атқарушы хатшысы. 2007 жылдан ҚР БГМ Балаларды қорғау комитетінің төрағасы.

2007 жылдан бері - ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болды.

Астана қалалық мәслихатының депутаты (1999-2007). 2013 жылдың мамыр айынан қазіргі қызметінде.

«Нұр Отан» ХДП саяси кеңесінің мүшесі (2006 жылдан), «Жастар мәжілісі» АҚ төрағасы (2007 жылдан); Қазақстан Халқы ассамблеясының мүшесі (2000-2007); «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ШК Орталық кеңесінің мүшесі (2008 жылдан); ҚР Президенті жанындағы жастар мәселесі жөніндегі кеңестің мүшесі (2008 жылдан) «Студент көктемі - 1992» 1-ші республикалық фестивалінің, «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Ерен еңбегі үшін» (2002), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), Ы. Алтынсарин атындағы (2007), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен; «Қазақстан Республикасында балалардың жағдайын жақсартуға және олардың құқығын қорғауға қосқан ерекше үлесі үшін» (200Н) естелік белгісімен марапатталған.

32 жыл бұрын (1982) қазақстандық боксшы ГОЛОВКИН Геннадий дүниеге келді.

Қарағандыда туған) - Қазақстанның кәсіпқой боксшысы, орташа салмақ бойынша WBA суперчемпионы (атағын 4 рет қорғады) және IBO чемпионы (атағын 7 рет қорғады).

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі және спорт факультетін бітірген (2003). 2003 жылдан бері - «Астана батыры» жекпе-жек клубы» МКҚК-да бокс жөніндегі нұсқаушы-спортсмен.Universum Box Promotion мүшесі (Неміс кәсіби клубы, 2006). ҚР біріншілігінің жеңімпазы (2000-2002); ҚР I спартакиадасының чемпионы; жастар арасындағы әлем чемпионы (2000); Шығыс Азия ойындарыныңчемпионы (2001); Азия ойындарының чемпионы (Оңтүстік Корея, Пусан, 2002); жеке сынақ бойынша Әлем кубогының чемпионы (2002); әлем чемпионы (2003); «А» класты турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпазы. 75 кг дейінгі салмақта әлем чемпионы (Бангкок, Тайланд, 2003); Олимпиада ойындарының 75 кг дейінгі салмақтағы күміс жүлдегері (Афина, Грекия, 2004); «А» класы турнирлерінің көп мәрте жеңімпазы. Кәсіби бокста WBOнұсқасы бойынша «Интерконтиненталь» чемпиондық титулының иегері (2010). Кәсіпқой рингте 26 жекпе-жек өткізген. Жеңіс саны - 26, олардың 23-і нокаутпен. 2013 жылғы 31 наурызда WBA және IBO-ның орта салмақтағы Әлем чемпионы қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин кезекті кездесуін жапондық спортшы Нобухиро Ишидаға қарсы өткізіп, жеңіске жетті. ҚР спорт шебері (2000). Халықаралық кластағы спорт шебері (2002). Бокстан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2003). «Құрмет» орденімен марапатталған.

74 жыл бұрын (1940) Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры ӘБСАТТАРОВ Раушанбек Боранбайұлы дүниеге келді.

Ол философ-ғалым, философия ғылыми докторы (1990), профессор (1991). Киев мемлекеттік университетінің философия факультетін бітірген (1967). Еңбек жолынҚармақшы ауданының Ленин] атындағы кеңшарында (қазіргі Тұрмағамбет ауылы) бастаған. 1959 - 62 жылы әскер қатарында қызмет етті. 1971-1988 жылы ҚазМУ-де (ҚазҰУ) философия-экономика факультетінде аға оқытушы, доцент қызметтерін атқарды. 1988 - 90 жылы партия жұмысында болды. 1991 жылдан Қазақстан РеспубликасыПрезиденті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының саяси әлеуметтану жәнефилософия кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының кеңесшісі, 1997 жылдан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің (ҚазҰПУ) саясаттану кафедрасының меңгерушісі. 2000 - 02 жылы осы университеттің тарих факультетінің деканы қызметін қоса атқарды. Ғылыми жұмысының бағыттары: ұлтаралық қатынас мәдениеті, этносаяси қауымдастық, ұлттық және жалпықазақстандық сана-сезім, келісім, ұлттық қарама-қайшылықтар мен оларды шешу жолдары, адам қызметінің әмбебаптануы, ықпалдасу үрдістері, халықтардың ойлау стилінің бірлігі мен айырмашылықтары, т.б. «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталған. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері (2006). Сегіз тілде 30 монография, кітап, оқу құралы, кітапшалар және 500-ге жуық ғылыми мақала жазған.

7 6 жыл бұрын (1938) гана дипломаты, БҰҰ-ның 1997-2006 жылдардағы 7-ші Бас хатшысы, Нобель сыйлығының лауреаты Кофи АННАН дүниеге келді.