8 ТАМЫЗ. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. 8 тамыз. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2012 жылғы 8 тамызға арналған күнтізбесін ұсынады.
None
None

8 тамыз, СЕЙСЕНБІ

Украина байланыс әскерінің күні. Байланыс әскерінің күні Украинада жыл сайын 8 тамыз күні Президенттің 2000 жылғы 1 ақпандағы № 154/ 2000 жарлығына сәйкес атап өтіледі.

Аугсбургте Бейбітшілік күні. Бұл елдің бір қаласының бүкіл әлемге бергілі жалғыз ресми мемлекеттік мерекесі. Бұл мереке Германия, Бавария федералды жеріндегі Аугсбург қаласына тиесілі.

1650 жылдан бастып Аугсбургтегі Бейбітшілік күні немесе Бейбітшілік фестивалі жыл сайын 8 тамыз күні атап өтіледі. Ал 1950 жылдан бері мемлекеттік мереке болды. осы жылдан бастап бұл күн Аугсбург қаласындағы барлық кіші және ірі кәсіпорындардың мемлекеттік мерекесі болды.

 

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

18 жыл бұрын (1994) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Техножүйелер ұлттық акционерлік компаниясын құру туралы» Жарлығы шықты.

14 жыл бұрын (1998) Көкшетау қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік университетінің бас алаңында қазақтың ұлы ғалымы, ориенталист, тарихшы, этнограф, географ, фольклоршы, ағартушы-демократ Шоқан Уәлихановтың мүсіні салтанаты жағдайда ашылды.

12 жыл бұрын (2000) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана қаласының шекарасын өзгерту туралы» Жарлыққа қол қойды. Жарлыққа сәйкес елорданың жер көлемі 45195 гектарға ұлғайды.

20  жыл бұрын (1992) Павлодардағы «Медполимер» акционерлік қоғамының жаңа өнімі - бір рет пайдаланылатын пісектер (шприц) көптеп шығарыла бастады.

 113 жыл бұрын (1899)  АҚШ-тың Миннесота штатындағы Броктон қаласының тұрғыны А.Маршалл тоңазытқышқа патент алды.

 93 жыл бұрын (1919) үшінші ағылшын-ауған соғысы аяқталды. Пәкістанның Равальпинди қаласында бейбітшілік келісімге қол қойылды.

12 жыл бұрын (1998) Көкшетау қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік университеттің бас алаңына Шоқан Уәлихановтың мүсіні салтанаты түрде ашылды.

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов - қазақтың ұлы ғалымы, тарихшы, публицист, ориенталист, фольклоршы, әдебиет зерттеушісі, этнограф, саяхатшы-географ, демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі. Қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде дүниеге келген. Абылайханның шөбересі. Ресей армиясы бас штабының барлау басқармасының офицері болған.

 7 жыл бұрын (2005) Ақордада Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бекизизве Уиздом Джила Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамотасын тапсырды.

Оңтүстік Африка Республикасы Африканың басқа елдерімен салыстырғанда саяси тұрақты, экономикалық инфрақұрылымы дамыған және алмас, алтын, хром, платина, ванадий, марганец және андалузиттің барланған ірі қоры бар ел. Қазақстан мен Оңтүстік Африка Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 5 наурызда орнатылған. 2003 жылдың желтоқсанында Алматыда Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстандағы елшілігі ашылды.

 5 жыл бұрын (2007) Алматыда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Экономика институтында Қазақстан Ғалымдар одағының президенті, академик, экономика ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Экономика институтының директоры Оразәлі Сәбденге Ресей мен Қазақстан арасындағы ғылыми ынтымақтастық саласын күшейткен зор еңбегі үшін Ломоносов ордені тапсырылды.

Аталмыш шараға белгілі қазақстанның және ресейдің ғалымдары, экономисттері қатысты.

Ломоносов орденін 2000 жылы Ресей Федерациясының Қауіпсіздік кеңесі бекіткен. Қауiпсiздiк, қорғаныс және құқықтық тәртiп мәселелерi академиясы жанындағы Ұлттық қоғамдық сыйлықтар комитетi тапсырады. Мемлекеттiк, өндiрiстiк, ғылыми-зерттеу, әлеуметтік, мәдениет, ғылым саласындағы қоғамдық және қайырымдылық қызметінің, әдебиет және өнердегі зор еңбектері үшін марапатталады.

 3 жыл бұрын (2009) Шымкентте мүгедек балаларды оңалтуға арналған орталық ашылды.

Жобаның мақсаты психоневрологиялық патологиясы бар мүмкіндігі шектеулі балаларға үйреншікті әлеуметтік ортада тұруға арналған арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсыну болып табылады.

Орталық мүмкіндіктері шектеулі балаларға әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-құқықтық және т.б. қызметтерді заңмен қарастырылған жеңілдіктерді алуға қолдау көрсетеді, тағы да орталықтың мамандары отбасыларында мүмкіндігі шектеулі балалары бар ата-аналарға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетеді. Арнайы әлеуметтiк қызмет көрсетуге 10-нан 18-ге дейінгі жас шамасындағы психоневрологиялық патологиясы бар мүмкіндігі шектеулі балалар ғана қабылданады. Балалардың орталықта тұру мерзімі - 1 ай, күніне 4 рет тамақтанады.

Орталық заманауи материалдық-техникалық қондырғылармен жабдықталған, мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалтуға арналған барлық әлеуметтік-психологиялық жағдайлар жасалған. Мұнда емдік шаралар, массаж, физиотерапевтикалық кабинеттер, және де кинезиотерапия, Монтессори, релаксация, эрготерапия, психотерапия, логопед, плантотерапия, ЭВМ, емдік-тренажер, сауықтыру кабинеттері жұмыс істейді.

113 жыл бұрын (1899) американдық өнер тапқыш Альберт Маршалл тоңазытқышты патенттеді. Олар негізінен бөлек сатып алынған мұздың есебінен жұмыс істеді. Алғашқы отбасылық тоңазытқыштарға ағаштар, көмірлер мен керосин көп пайдаланылды.

1911 жылы «Дженерал электрик» фирмасы анағұрлым заманауи тоңазытқыштарды шығара бастады. Дегенмен, олар газда жұмыс істегеннен кейін қатты гуілдеп, жаман иіс шығаратын болды. Бұл оның басты кемшілігі болды.

1926 жылы дат инженері Стиндруп шуылсыз және иісі жоқ тоңазытқышты ойлап шығарды. Осыдан кейін бұл тоңазытқыш Америкада тез арада ең қажетті тұрмыстық құралға айналды. Шыны керек, алғашқы тоңазытқыштар «Форд» көлігінен екі есе қымбат тұрды. Оларды «тұрмыстық суық фабрикасы» деп атады.

КСРО-да алғашқы тоңазытқыштар 1937 жылы Харьков трактор зауытында пайда болды. Ал олардың жаппай шығарылымы тек 1960 жылдары ғана игерілді.

384 жыл бұрын (1628) голландықтар Кубаның жағалауында 80 тонна күмісі бар испандық кемелерді басып алды.

 364 жыл бұрын (1648) өзінің анасының бұйрығымен янычарлар есі ауысқан түрік сұлтаны І Ибрагимді тағынан түсіріп, жазалады.

340 жыл бұрын (1672) голландықтар Нью-Йоркты басып алып, оны Жаңа Оранж деп атады.

 229 жыл бұрын (1783) ІІ Екатерина А.Суворовты Ұлы Владимир орденімен марапттады.

101 жыл бұрын (1911) Ливерпульде әскерилер шеруге шыққан жұмысшыларды атып тастады.

97 жыл бұрын (1915) Дарданеллде ағылшын сүңгуір қайығы түрік линкорны «Барбароссаны» суға батырды.

93 жыл бұрын (1919) польша әскері Минск пен Ровноны басып алды.

75 жыл бұрын (1937) жапондықтар Бейжіңді басып алды.

71 жыл бұрын (1941) бес «Ил-4» ұшағы Берлинге алғашқы кеңестік шабуылын жасады.

69 жыл бұрын (1943) Муссолини Сардиниядағы Маддалена аралына тұтқынға отырғызылды.

68 жыл бұрын ( 1944) Берлинде Гитлердің өліміне қастандық жасады деп айыпталған сегіз неміс офицері, соның ішінде фельдмаршал фон Вицлебен, пианиноның ішектеріне асып өлтірілді.

63 жыл бұрын (1949) Страсбургте Еуропа кеңесінің алғашқы сессиясы өтті.

57 жыл бұрын (1955) Мысыр КСРО мен Румынияға мұнайдың орнына мақтаны жеткізіп тұруға міндеттеме алды.

46 жыл бұрын (1966) Қытайда мәдени революцияның басталғандығы туралы жарияланды.

12 жыл бұрын (2000) Ұлыбритания, АҚШ және Италияның ғалымдары адамды клондау бойынша тәжірибелердің басталғандығы туралы ресми мәлімдеді.

4 жыл бұрын (2008) Бейжіңде ХХІХ Олимпиада ойындарының ашылуы өтті.

 

ЕСІМДЕР

64 жыл бұрын (1948) кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі ӘКІМОВ Дінмұхамед Тілеулесұлы дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында туған. «Қазақфильм» киностудиясы жанындағы актерлік студияны және Бүкілодақтық кинематография институтын бітірген. Кинода 100-ге жуық рөлде ойнаған. Ол «Қош бол, Медеу!», «Адамды қарсы алыңдар», «Ауылым Алатаудың баурайында», «Сұлтан Бейбарыс», «Қайсар», «Отырардың күйреуі» фильмдеріне түскен. Алыс-жақын шет ел фильмдеріне де түскен. Қазір режиссурамен және кинопродюсерлік қызметпен шұғылданады.

118 жыл бұрын (1894-1941) тарихшы, Қазақстан, Орта Азия және Башқұртстан тарихының маманы ЧУЛОШНИКОВ Александр Петрович дүниеге келді.

Ол 1919-1921 жылдары Орынбордағы Қазақ институтында дәріс беріп, Қырғыз (қазақ) әскери комиссариаты штабындағы тарихи-статистика бөлімін басқарды. «Басқа да түркі тайпаларымен тағдыры бір қазақ-қырғыз тарихы жөніндегі очерктер» атты үлкен монографиялық еңбек жазды. Онда қазақтардың 18 ғасырға дейінгі тарихы, шежіресі, феодалдық меншіктің дамуы, қазақтардың Пугачев көтерілісіне қатысуы, 1916 жылғы көтеріліс туралы толық жазылған. Шығарма кезінде әділ бағасын алды және әлі де өз құндылығын жойған жоқ. А.Чулошников «Қазақ КСР тарихы бойынша материалдар. 1758-1828 жж.» құжаттар жинағының кеесшісі болды.

82 жыл бұрын (1930-2005) тіл білімі маманы, филология ғылымының кандидаты, доцент МУСИН Жағыпар Мұсаұлы дүниеге келді.

Ақмола облысында туған. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген.

1954-1955 жылдары - Қызылжар қалалық оқытушылар институтының оқытушысы. 1955-1959 жылдары - Солтүстік Қазақстан облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институтының әдіскері. 1959-1962 жылдары - «Көкшетау правдасы» газетінің әдеби қызметкері. 1962 жылдан бастап Көкшетау педагогикалық институтының (қазіргі Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті) аға оқытушы, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Ғылыми жұмысының негізгі бағыты -  лексика мен түрктануға арналған.

32 жыл бұрын (1980) спорт шебері, Қазақстанның теннистен абсолюттік чемпионы, КЕДРЮК Алексей Александрович дүниеге келді.

Алматы қаласында туған.

2000 жылы Тбилисиде өткен Халықаралық турнирдің, 2003 жылы Алматы қаласында өткен Қазақстан Республикасы Президенті Кубогының жеңімпазы атанған. Бірнеше рет Қазақстанның теннистен өткен біріншіліктерінің чемпионы болған.

Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының мүшесі.

59 жыл бұрын Ұлттық футбол лигасының директоры ГУРМАН Михаил Ильич дүниеге келді.

Тәжікстан КСР астанасы Душанбеде дүниеге келді. Сонда футбол ойнай бастады. Аталған қызметінде 2010 жылдың наурызынан.

50 жыл бұрын (1962) ҚР Мұнай және газ вице-министрі ТОЛЫМБАЕВ Берік Зиябекұлы дүниеге келді.

Жамбыл облысы Бурное елдімекенінде туған. 1999 жылынан бері мұнайгаз саласында қызмет атқарып келген. 2001 жылдан бастап «ҚазТрансОйл» тауар-транспорт операциясы жөніндегі бас директорының орынбасары қызметін атқарған. 2003 жылы тасымалдау жөніндегі бас директорының орынбасары, 2006-2007 жылдар аралығында «ҚазТрансОйл»АҚ бас директоры, 2010 жыдың сәуірінен «КМГ-Транскаспий» ЖШС бас директоры қызметін атқарған.
 2010 жылдың сауірінен бастап Батыс-Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Ол өндірістік сұрақтарды жүргізіп, сыртқы экономикалық байланыс, тарифтік және кедендік саясат жөніндегі міндеттемелерді жүргізіп отырған.


51 жыл бұрын (1961) шахматшы, гроссмейстер, КСРО спорт шебері ТЕМІРБАЕВ Серікпай Біләлұлы дүниге келді.

Ақмола облысы Көкшетау қаласының тумасы. Қазақстанның алты дүркін чемпионы (1985-1986, 1988, 1993, 1995-1996), Азия чемпионы (1993) күміс жүлдегері (1995). 1992-2004 жылдары олимпиадаға қатысты. 1992 жылы әлемдік  шахмат олимпиадасында үшінші орын алды (1992, Манила, Филиппины). Көкшетауда С.Темірбаев атындағы шахмат мектебі ашылды. Қазақстан Республикасы шахмат федерациясының вице-президенті,  жаттықтырушылар президиумының төрағасы болып табылады.

Соңғы жаңалықтар