80 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысында ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айында 80 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді,

80 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді - Ақмола облысы

бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 88 пайызды құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының деректеріне сілтеме жасап.

 Осы уақыт аралығында Алексеев доломит кенішінде кен өндіру жұмыстары қарқын ала бастады. «Жол картасы» бағдарламасына сәйкес «Бұланды тас өндірісі», «Ардагер-Неруд», «Мұса-Импэкс» жауапкершіліктері шектеулі серіктестіктерінің жұмысы жандана түскен. Осы кезеңде пластмасса құбырлары өндірісі - 2,6, ағаш өндірісі - 5,2 есеге, керамика кірпіші өндірісі 41,6 пайызға артқан. Мемлекеттік тапсырыс нәтижесінде «Степногор подшипник зауыты» мен «КамАЗ-Инжиниринг» акционерлік қоғамдарында алға басу байқалады. Ал жөндеу жұмыстарына байланысты «Васильковтаукенкомбинаты» акционерлік қоғамында өнім көлемі 2,1 есеге кемісе, «Қазақалтын» акционерлік қоғамында өндірісті қалпына келтіру жүзеге асырылуда.