14:54, 14 Қаңтар 2015 | GMT +5
80 жастағы зейнеткер 326 миллион доллар ұтып алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорк штатының тарихындағы ең ірі лотерея ұтысы 80 жастағы зейнеткерге бұйырды, деп хабарлады 24.kz.
10 долларға ойын билетін сатып алған Харольд Даймонд 326 миллион долларға кенелді. Алайда ол олжасын толығымен ала алмайды. Лотерея туралы заңға сай ұтыс 26 жыл бойы белгілі бір сомадан төленіп тұрады, я болмаса, иесінің қалауы бойынша бір мезгілде джек-поттың жарты сомасы ғана беріледі. 80-ге жеткен қариялар 130 миллион долларға қанағат тұтуды жөн көріпті. Және олар ұтысын туған-туыстарымен бөлісіп, қалғанын қайырымдылыққа жұмсамақшы.