84-ші «Оскар» ұсыну салтанатының жаңа жүргізушісі тағайындалды

АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - 84-ші Америка киноакадемиясының жүлдесін ұсыну салтанатында жүргізуші болып күлдіргі әртіс Билли Кристалл тағайындалды.
None
None

Associated Press мәліметтері бойынша, Кристалл кандидатурасының сайланғандығын Киноакадемия өкілдері де растады.

Кристаллдің өзі Twitter-дегі жеке шағын блогында былай деп жазды: «Оскарды» жүргізетін болдым, енді дәріханалардағы жас қыздар дәрі сатып алуға барғанымда менің кім екенімді сұрамайтын болды», деп хабарлайды Лента.ру.

Билли Кристалл бұған дейін де Киноакадемияның жүлдесін ұсыну салтанатын сегіз рет жүргізген болатын, ең соңғы рет ол жүргізуші ретінде 2004 жылы шықты.

Алғашқыда «Оскарды» актер Эдди Мерфи жүргізеді деп жоспарланған болатын. Алайда 9 қарашада Мерфи бұл міндеттен бас тартты. Мұндай шешімге ол «Оскар» продюсері тағынан бірнеше жылдар бойы серіктесіп келген жақын досы Бретт Ратнер кетіп қалғаннан кейін келді.

84-ші Америка киноакадемиясының жүлдесін ұсыну салтанаты Лос-Анджелесте 2012 жылы 26 ақпанда өтеді.

Соңғы жаңалықтар