845 жылға сотталған миллионер жазасын 800 жылға жұмсартуды өтінуде
АСТАНА. Наурыздың 25-і. ҚазАқпарат - Қаржы алаяқтығы үшін 2000 жылы ең ұзақ жазаға - 845 жылға кесілген американдық миллионер Шолам Вайс сотқа жазаны қайта қарау туралы өтініш жасады,
деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Нью-Йорктік кәсіпкер «жазасын 35 жыл немесе сол шамалас болуы үшін» ... 800 жылға жұмсартуды өтініп отыр.
2000 жылы Шолам Вайс электрондық коммуникация құралдарын пайдаланып бопсалаудың және алаяқтық жасаудың 75 дәлелденген оқиғасы үшін, сондай-ақ 1994 жылы «Нэшнл Хэритедж Лайф Иншурэнс" сақтандыру компаниясы дағдарысқа ұшыраған кезде алаяқтық қылмыстарға барғаны үшін 845 жыл түрмеге және 300 миллион доллар айыппұлға кесілген болатын. Оның сыбайласы, брокер Кит Паунд 740 жылға кесілген еді. Бірақ Паунд түрмеде 4 жылдан кейін қайтыс болды.
Вайстың адвокаттары округтің аппеляциялық сотына істі қайта қарау туралы өтініш беріп отыр.