87 жастағы маңғыстаулық кейуана Димаш Құдайбергенге ерекше сый жасады
АҚТАУ. KAZINFORM – Маңғыстаулық 87 жастағы қолөнер шебері Шархат Төлемісова Димаш Құдайбергенге арнап жасаған шашағын табыстау үшін «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» мерекелік шарасының ашылу салтанатына арнайы келіп, 2 күн бойы қатысқан.

90 жасқа таяған кейуана Қазақстанның жарық жұлдызы Димашқа арнап шашақ жасап, оны өз қолымен табыстағысы келетінін айтқан еді.
– Димаш Ақтауға келеді дегенді естіген соң, «неге бір тал шашақ байламасқа?» деп ойладым. Сондықтан кездесіп, домбырасына өз қолыммен тағуды жөн санадым, - деді қарт ана.
Димаш Құдайберген бүгін ақ тілеулі анамен арнайы кездесіп, өзіне арнаған шашақты алды.
Бұған дейін Ақтауда «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының ашылу салтанатында көрермендер Димаш Құдайбергенді ерекше ықыласпен қарсы алғаны туралы жазған болатынбыз.
Ақтауда өткен гала концертке 100 мыңға жуық көрермен жиналды.