9 000-ға жуық ақтөбеліктер Жеңістің 65 жылдығына орай біржолғы төлемдерді алады

АҚТӨБЕ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай 8 785 ақтөбелік Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер, оларға теңестірілген адамдар10 мыңнан 65 мың теңгеге дейінгі біржолғы ақшалай төлемдерді алады. Бүгін бұл туралы қалалық әкімдікте Жеңіс күнін мерекелеуге даярлық туралы өткен баспасөз мәслихатында айтылды.
None
None

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Сәния Қалдығұлованың айтуынша, мерекеге әзірлікке байланысты қалалық әкімдікте штаб құрылған, іс-шаралар жоспары әзірленген, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектердің, оларға теңестірілген азаматтардың тізімдері нақтыланған.

«Біздің қаламызда коммуналдық қызметтер бойынша жеңілдіктерді 7 793 отбасы пайдаланады. Орташа есеппен олардың әрқайсысы жылына 26 мың теңгеден үнемдейді. Осы мақсаттар үшін қалалық бюджеттен 225 млн. теңге бөлінеді», - деді Сәния Қалдығұлова.

Соңғы жаңалықтар