9 айда Астанада мерез жұқтырудың 505 жағдайы тіркелді - Дерматология және ЖҚААЕ орталығы

АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - 2011 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Астана қаласы мерез ауруын жұқтыру және тіркелу фактілері бойынша республикада екінші орында.
None
None

Мәліметтерді қала әкімдігінде 1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖҚТБ-мен күрес күніне орай өткен баспасөз мәслихатында Дерматология және жыныстық қатынастар арқылы берілетін ауруларды алдын ала емдеу орталығының бас дәрігері Жұлдыз Данбаева келтірді.

«9 айдың ішінде Астанада мерез жұқтырудың 505 жағдайы тіркелді. 2010 жылдың аталмыш кезеңінде - 384 факті, өсім 1,5 есені құрады. Сондай-ақ гонококкті және хламидиялық жұқпалардың саны артуда. Біз мерез ауруы бойынша республикада (9 айдың қорытындысы бойынша) Алматы облысынан кейін екінші орында тұрмыз», - деді ол.

Ал мерезбен ауыратын науқастардың саны мен оны жұқтырудың жалпы жағдайы бойынша, Ж.Данбаеваның сөзіне қарағанда, елорда 5-інші орында тұр. «Астана науқастардың жалпы саны бойынша Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласынан кейінгі орында келеді», - атап өтті Орталықтың бас дәрігері.

Сондай-ақ Ж.Данбаева атап өткендей, соңғы екі жылда Астанада нәрестелер арасында кеселді іште жұқтырудың бірде-бір фактісі тіркелген жоқ. Дегенмен ел бойынша мұндай 5 жағдай орын алды. «Мерезді іште жұқтыру жағдайларының төмендеу үдерісі бар. Бұл жаңа заманауи емдеу мекемелерінің ашылуының арқасында мүмкін болып отыр», - деп түйіндеді ол.

Соңғы жаңалықтар