9 айда Қазақстанға қоныс аударғандар саны 7 пайызға азайып, көшіп кеткендер саны 24,5 пайызға көбейді

АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстанға келгендер саны 7 пайызға азайып, кеткендер саны 24,5 пайызға көбейді,
None
None

деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның атат өтуінше, ағымдағы жылғы қаңтар-қыркүйекте елімізде халық көші-қонының оң айырымы қалыптасып, 2480 (9322) адамды құрады. 2011 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2010 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 7 пайызға азайды, ал Қазақстаннан кеткендер саны 24,5 пайызға көбейді.

«Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда. Ел ішіндегі қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 3,4 пайызға азайды. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 4 өңірінде байқалды, оның ішінде ең көбі Астана (22,7 мың адам) және Алматы (16,6 мың адам) қалаларында», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар