9 қазақстандық боксшы әлем чемпионатына жолдама алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ташкенттегі Азия-2017 чемпионатына қатысқан Қазақстан құрамасының он боксшысының тоғызы әлем чемпионатына лицензия алды, деп хабарлайды Sports.kz.
None
None

Олар Азамат Исақұлов (52 келіге дейін салмақ дәрежесінде), Қайрат Ералиев (56 келі), Әділет Құрметов (60 келі), Бекдәулет Ибрагимов (64 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі), Ерік Әлжанов (81 келі), Василий Левит (91 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (+91 келі).

Азия чемпионатының іріктеуінен өтпей қалған жалғыз боксшы - Ержан Жомарт (49 келі): ол жартылай финалда индонезиялық  Корнелиуса Кванга Лангадан ұтылып қалды.

Әлем чемпионаты-2017 25 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында Гамбургте (Германия) өтеді. 

Соңғы жаңалықтар