9 қазан күні Астанада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 9 қазанда болатын маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

АСТАНА
9.00-де Орталық Азия үшін климаттың өзгеруі және жасыл энергетика жөніндегі жобалау кеңсесі (CACF) БҰҰ-ның сауда және даму жөніндегі конференциясымен (ЮНКТАД) бірлесіп, орнықты дамудың инновациялық және кешенді стратегиялары бойынша бірінші ұлттық консультация өткізеді.
9.30-да Астанада бірінші Қазақстан-Нидерланды іскерлік кеңесі өтеді.
10.00-де кеңестік және ресейлік жоғары оқу орындарының шетелдік түлектерінің – ТМД елдерінің білім беру және денсаулық сақтау жүйесі өкілдерінің форумы өтеді.
10.00-де Тәуелсіздік сарайында Жас дін көшбасшылары форумы өтеді.
10.00-де EXPO Халықаралық көрме орталығында Translogistica Kazakhstan-2024 ірі көліктік-логистикалық көрмесі басталады.
12.00-де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілінің кезекті брифингі өтеді.
15.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысы өтеді.
16.00-де қала әкімі Жеңіс Қасымбектің "Нұра" ауданының тұрғындарымен есептік кездесуі өтеді.