9 қазан. Тұлғалар туған күн

Бүгін, яғни 9 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

туған күн
Фото: Kazinform

ЕСІМДЕР

71 жыл бұрын (1954) «ПВАСС» ШЖҚ РМК Атырау филиалының директоры Амангелді Құрмашұлы ҚУАНАЛИЕВ дүниеге келді.

 Амангелді Құрмашұлы ҚУАНАЛИЕВ
Фото: centrspas.kz

Атырау облысында туған. 1978 жылы Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, 1985 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген.

Еңбек жолы: 2018-2021 жылдары Гурьев облыстық атқару комитетінің жетекші экономисі; Алматы қаласы және Алматы облысы әкімі орынбасарының кеңесшісі; ҚР Төтенше жағдайлар комитетінің бас экономисі, Алматы қ.; «CCS» халықаралық компаниясының Үкіметпен байланыс жөніндегі бас менеджері; Атырау қаласы әкімдігінің механикаландыру және көлік басқармасының басшысы; «Атырауөзенпортс» АҚ президенті; «Атыраумұнайгазгеология» АҚ президенті; «Нефтегазводстрой» ЖШС директоры; «ПВАСС» ШЖҚ РМК Маңғыстау филиалының директоры қызметтерін атқарды.

2021 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі қызметінде.

65 жыл бұрын (1960) Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің директорлар кеңесінің төрағасы Әмірхан Мұратбекұлы РАХЫМЖАНОВ дүниеге келді.

 Әмірхан Мұратбекұлы РАХЫМЖАНОВ
Фото: e-history.kz

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Бестерек кентінде туған. Семей педагогикалық институтын тарих және қоғамтану пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша, Қазақ қаржы-экономика институтын экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген. Тарих ғылымдарының кандидаты, саяси ғылым докторы, профессор.

Еңбек жолы: 1977-1978 жылдары Семей облысы Үржар ауданы Чапаев атындағы колхоз жұмысшысы, 1981-1990 жылдары орта мектеп оқытушысы, колхоздың комсомол комитетінің хатшысы, Ленин атындағы колхоздың партия комитетінің хатшысы болған. 1990-1991 жылдары Қазақстан Компартиясы Үржар аудандық комитетінің саяси ағарту кабинетінің нұсқаушысы, меңгерушісі, 1991-1995 жылдары мектеп-лицей директоры, Семей облыстық білім департаменті бастығының орынбасары — облыстық педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институтының директоры, 1995-1999 жылдары Семей қалалық білім беру басқармасының бастығы, Семей облыстық білім беру департаменті бастығының бірінші орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы білім беру бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. Білім беру, жалпы әкімшілік жүйесі мен жапон тілін үйрену мақсатында мемлекеттік қызметшілермен алмасу жобасы бойынша Жапонияда тағлымдамадан өтті. 1999-2001 жылдары ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі Орта және кәсіби білім комитетінің басқарма бастығы, ҚР Білім және ғылым министрлігі Орта білім департаменті директорының орынбасары. 2001-2003 жылдары ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары, 2003-2006 жылдары Астана қаласы білім департаментінің бастығы, 2006-2008 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің бас инспекторы, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып еңбек етті. 2008-2010 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары, 2010-2012 жылдары «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының Астана қаласы бойынша филиалы төрағасының бірінші орынбасары болды, қосымша Қазақ-Ресей университетінің саясаттану кафедрасының профессоры болып жұмыс істеді. 2012-2014 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі, 2014 жылдан бастап V шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының партиялық тізім бойынша сайланған мүшесі болды. 2015-2017 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы, 2017-2019 жылдары «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы кітапханасы» ММ директорының орынбасары қызметін атқарды. 2019-2021 жылдары «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы кітапханасы» ММ директоры болды.

2023 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі қызметінде.

«Құрмет» орденімен (2010), медальдармен марапатталған.

41 жыл бұрын (1984) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сиражиддинұлы СҰЛТАНОВ дүниеге келді.

Азат Сиражиддинұлы СҰЛТАНОВ
Фото: Gov.kz

Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Қазақ гуманитарлық заң университетін, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы жеке меншік компанияда заңгер болып бастаған. 2007-2010 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Заң басқармасының жетекші маманы, сарапшысы, 2010 жылы ҚР АШМ АӨК Инновациялық саясат және жоғары білім басқармасының бас сарапшысы болып жұмыс істеді. 2010-2012 жылдары ҚР ауыл шаруашылығы министрінің көмекшісі, 2012-2014 жылдары ҚР АШМ Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары, 2014-2015 жылдары ҚР АШМ Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті директорының орынбасары, директоры, 2015-2016 жылдары ҚР АШМ Халықаралық ынтымақтастық және экономикалық интеграция департаментінің директоры, 2016-2017 жылдары ҚР АШМ Тамақ қауіпсіздігі департаменті директорының орынбасары, 2017-2018 жылдары ҚР АШМ Ғылыми-технологиялық және техникалық саясат департаментінің директоры, 2018-2021 жылдары ҚР АШМ Егіншілік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры, 2021-2023 жылдары ҚР АШМ Егіншілік шаруашылығы департаментінің директоры қызметін атқарды.

2023 жылғы қазан айында ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды.

40 жыл бұрын (1985) Республикалық электронды денсаулық орталығы бас директорының бірінші орынбасары Бейбіт Сәлімұлы ЕСЕНБАЕВ дүниеге келді.

Бейбіт Сәлімұлы ЕСЕНБАЕВ
Фото: Gov.kz

Қарағанды қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Мехатроника және роботехника» мамандығы бойынша (2008), Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша (2012), «ҚДСЖМ» Қазақстандық медициналық университетінің магистратурасын (2019) бітірген.

Еңбек жолы: 2006-2009 жылдары жекеменшік ұйымда инженер-бағдарламалаушы, 2009-2011 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Инвестициялық жобалардың мониторингі және даму басқармасының сарапшысы, 2011-2013 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму департаментінің басқарма сарапшысы, бас сарапшысы, басшысы қызметтерін атқарды. 2013-2017 жылдары ҚР ДСМ бөлімшелерінің басшысы, 2017-2020 жылдары ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды цифрландыру департаментінің директоры, 2020-2022 жылдары ҚР ДСМ электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры, 2022-2024 жылдары ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі лауазымын атқарған.

25 жыл бұрын (2000) қазақ зілтеміршісі, әлем чемпионатының күміс жүлдегері және Азия чемпионы Нұрғиса ӘДІЛЕТҰЛЫ дүниеге келді.

АДИЛЕТУЛЫ Нургиса
Фото: wfrk.kz

Шымкент қаласында туған.

2019 жылы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында төртінші орын алса, сол жылы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды. 2020 жылы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жеңімпаз атанды. 2022 жылдың қазан айында өткен Азия чемпионатында қоссайыс бойынша 376 келі нәтижемен 96 келіге дейінгі салмақта төртінші орын алды. 2022 жылдың желтоқсан айында өткен әлем чемпионатында қоссайыс бойынша 383 келі нәтижемен 96 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды. 2023 жылдың мамыр айында қазақстандық спортшы құрлық біріншілігінде алтын медаль жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар