9 қыркүйек күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар

АЛМАТЫ
11:00-де Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында еліміздегі ең танымал боксшылардың бірі, Мәскеудегі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Еуропа чемпионы Виктор Демьяненконың 60 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтеді. Шараға былғары қолғаптың әр жылдардағы шеберлері, әлем чемпионаты мен Олимпиада жеңімпаздары қатысады деп күтілуде.
11:00-де ҚазҰУ-ға қарама-қарсы орналасқан Достық саябағында «PARK FEST» скульптура және шағын архиектуралық пішіндер халықаралық фестивалінің аясында «Сәлем, көршілер!» атты мәдени пикник өтеді.
Пикник қонақтарын интерактивті инсталляциялар, мүсін өнері бойынша плэнерге қатысу мүмкіндігі, үстел ойындарына арналған аймақтар, спорт ойындары, бук-кроссинг, қызықты қала жобалары жөнінде лекциялар, дәмді тамақ, ересектер мен балаларға арналған түрлі шеберлік сағаттары, әдемі музыка және басқа да көптеген тосынсыйлар күтеді. Іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.
ҚАРАҒАНДЫ
Ертең Қарағандыда триатлон бойынша Қазақстан кубогының үшінші кезеңі басталады.