9 тамыз. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. 9 тамыз. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2012 жылғы 9 тамызға арналған күнтізбесін ұсынады.
None
None

9 тамыз, СӘРСЕНБІ

Сингапур Республикасының Ұлттық мейрамы - Республика күні. 1965 жылғы тамыздың 9-ында Малайзия Федерациясынан Сингапур бөлініп шықты. Сингапур - Азияның оңтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. Астанасы - Сингапур қаласы. Мемлекет тілі - ағылшын, қытай және малай тілдері. Ақша бірлігі - сингапур доллары.

Қазақстан Республикасы мен Сингапур арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылғы наурыздың 30-ында орнатылды. Сингапур Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі - Сим Чеок Лим.

Нагасаки күні. 1945 жылғы тамыздың 9-ында американ авиациясы Жапонияның 253 мың тұрғыны бар Нагасаки қаласына атом бомбасын тастады. Жоспар бойынша бұл атом бомбасын Жапонияның Кокуру қаласына тастау керек болатын. Бірақ ауа-райының қолайсыздығына және әуеге көтерілгеннен кейін пайда болған ұшақ ақауына байланысты ұшқыштың бомба тастау бағытын өзгертуіне тура келген. Нагасакиде 80 мыңға жуық адам қайтыс болған.

Әлемнің тұрғылықты халықтарының халықаралық күні. БҰҰ Бас Ассамлеясының шешімімен жарияланған. БҰҰ мәліметтері бойынша бүгінгі таңда 5 құрлықтағы 70 елде 5000-нан астам жергілікті халықтар тұрады.

Түрікменстанда Ұлттық қауын мерекесі. 1994 жылдан бастап жыл сайын тамыздың екінші жексенбісінде атап өтіледі.

Ресейдің әскери даңқ күні - орыс флотының алғашқы жеңісі. 1714 жылы Петр I қолбасшылығымен орыс флотының Ресей тарихында алғаш рет теңізде шведтерді жеңген құрметіне бекітілген.

АҚШ-та орманды өрттен қорғау күні. Орман шаруашылығы қызметі 1905 жылы құрылды және ол АҚШ ауылшаруашылық министрлігінің бөлімі болып саналады. Олар 193 миллион акр жерді алып жатқан ормандағы қоғамдық, шалғын және жайыс жерлерді бақылайды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

18 жыл бұрын (1994) Алматыда ҚР Ұлттық банктің мемлекеттік қоймасының іргетасы қаланды.

17 жыл бұрын (1995) Иранда «Абай шығармашылығына көзқарас» атты кітап жарық көрді.

108 жыл бұрын (1904) Парижде Шахтерлердің халықаралық конгресі барлық елдердің тау-кен саласында 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу туралы талап қойды.

38 жыл бұрын (1974) АҚШ-тың 37-ші президенті Ричард Никсон өз еркімен орнынан түсті. Ол бұндай әрекетке барған тұңғыш президент болатын (Уолтергейт жанжалынан кейін осылай ертуге мәжбүр болды).

12 жыл бұрын (2000) Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы достастық жөніндегі Меморандумға Қазақстан Рсепубликасының вице-премьері И.Тасмағамбетов және Ф.Майор қол қойды.

7 жыл бұрын (2005) Алматыда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Үндістанды зерттеу орталығы ашылды.

Жаңа орталық Қазақстан мен Үндістан арасындағы қарым-қатынасты, әсіресе мәдениет пен білім саласын дамытуға шақырады. Орталықтың қолданушылары DVD, CD-R және интернет арқылы Үндістан туралы мәлімет алатын, пікір алысатын мүмкіндіктері туады.

Ұйымдастырушысы - Қазақстан Республикасындағы Үндістан елшілігінің жанындағы Үндістан мәдениет орталығы және Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы.

Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Мұрат Әуезов, Үндістанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Раджив Сикри және Үндістанның Қазақстандағы елшісі Ашок Кумар Мукерджи, Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктің қызметкерлері, философтар, мәдениеттанушылар, тарихшылар, жергілікті әлеуметтік-мәдениет ұйымдарының өкілдері және қала тұрғындары қатысты.

5 жыл бұрын (2007) Астанада Ресейдің ғылым және мәдениет орталығында Борис Резванцевтің «Тропами Шамбалы. От Алтая и Урала» атты кітабының тұсау кесер рәсімі өтті.

Бұл кітапта Қазақстанның жер қойнауындағы байлықтары, экологиясы, табиғаты туралы жазылған.

Борис Резванцев - экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, экономика-математика пішіндеуі бойынша үш ғылыми монографияның авторы, Ленин орденімен марапатталған.

Кітаптың бірлескен авторы - оның ұлы Борис, Орыс географиялық қоғамының нақты мүшесі, Ресей фотосуретшілер одағының мүшесі, автотуризм бойынша спорт шеберi, Мәскеуде тұрады.

Соңғы он жылда Резванцевтардың Қазақстанның және Ресейдің баспаханаларынан «Подкова счастья», «Сердцевина Евразии» және «Тропами Шамбалы» атты үш кітабы басып шығарылды.

5 жыл бұрын (2007) Семейде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Жәнібек Кәрібжанов «Өндіріс» бизнесті дамыту аумағында құрылыс іргетасына капсула қалау рәсіміне қатысты.

Бизнесті дамыту аумағының жалпы ауданы 85 гектар, ол қаланың оңтүстік-батыс аумағында орналасқан. Индустриалды-инновациялық аймақтың ашылуы сол жерге инвесторларды тарту, оларға инженерлiк-коммуникациялық және ақпараттық қызметтердiң кешенi кiретiн толық дамыған инфрақұрылымы бар жер телiмдерін беруді қамтиды.

3 жыл бұрын (2009) Көкшетау қаласының жол полициясы бөлімшесінде автокөліктерді техникалық бақылаудан өткізетін станса ашылды.

Жаңа орталықта тәжiрибелi инспекторлар жұмыс iстейдi, және онда анықтама материалдары, банкомат пен «Қазпошта» АҚ бөлімшесі орналасқан.

ЕСІМДЕР

99 жыл бұрын (1913-1988) театр суретшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері БАЛЬХОЗИН Игорь Борисович дүниеге келді.

Ресейде туған. Арнаулы суретшілік білім алмаған қылқалам шебері Вятка, Вологда қалаларының театрларында суретші-көшірмеші болып істеген. 1934 жылы Алматыға қоныс аударып, Орыс академиялық драма театрында суретші-орындаушы, театрдың бас суретшісі, қоюшы суретші қызметтерін атқарған. Осы театр сахнасында қойылған А.Чеховтың «Ваня ағай», М.Горькийдің «Күн балалары», М.Әуезовтің «Түнгі сарын», У.Шекспирдің «Король Лир» т.б. спектакльдерді көркемдеген. Қазақ академиялық драма театрында Ә.Әбішевтің «Достық пен махаббат», «Кім менің әкем», М.Иманжановтың «Менің махаббатым», Қ.Бекхожиннің «Ұлан асу», М.Әуезовтің «Қара қыпшақ Қобыланды» сияқты спектакльдерінің декорациясын жасаған. 

79 жыл бұрын (1933) геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, минералдық ресурстар академиясының академигі ДИАРОВ Муфтах Диарұлы дүниеге келді.

Атырау облысында туған. Қазақ кен-металлургия институтын бітірген. 1955-1964 жылдары - Индер геологиялық барлау экспедициясының геологы, партия комитетінің бастығы, бас геологы. 1964-1978 жылдары - Қазақ мұнай геологиялық баралу ғылыми-зерттеу институтының зертхана меңгерушісі. 1978-1992 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясының Мұнай химиясы және табиғи тұздар институты директорының орынбасары, директоры, зертхана меңгерушісі. 1992-1997 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясының Батыс бөлімшесі академик хатшысының орынбасары. 1997 жылдан «Атырау-ғылым» акционерлік қоғамының вице-президенті болған. Ғалым Каспий маңы ойпатында бор, борлы-калийлі тұздар іздеу, барлау мәселелерімен шұғылданған. Минералдық тұздарды барлаудың жаңа тәсілдерін жасап, пайдаланған.

54 жыл бұрын (1958) ҚР Бас прокуратурасының аппарат жетекшісі БАЙЖАНОВ Ұлан Сапарұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1987-1991 жылдары Алматы қалалық атқару комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі. 1991-1995 жылдары - Алматы қалалық әділет басқармасының бастығы. 1995-1997 жылдары - «Алматы - Заң» құқықтық орталығының бас директоры. 1997-1999 жылдары - «Қазақтелеком» ашық акционерлік қоғамының вице-президенті - атқарушы директоры. 1999-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс вице-министрі. 2003 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі атқарушы директоры, «ҚазМұнайТеңіз» Теңіз мұнай компаниясы»  жабық акционерлік қоғамы бас директорының орынбасары, «Мұнайконсалтинг» жабық акционерлік қоғамының президенті, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы президентінің аппарат басшысы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқаруы директоры, «Тау-Кен Самұрық» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы   болған. Қазіргі қызметінде 2011 жылғы қаңтардан  бастап істейді.

Медальмен және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

133 жыл бұрын (1879-1963) 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына белсене қатысушы, көтеріліс жаршысы, Қазақ КСР-інің халық ақыны ШИПИН Омар дүниеге келді.

Қостанай облысының Қостанай ауданында туған. Ол «Амангелдінің айбаты», ««Арман», 1916 жылғы», «Торғай соғысы» толғауларынан «Амангелді батыр» дастанына дейінгі көптеген шығармаларын халықтың патша үкіметіне қарсы күресіне арнаған. «Патша тақтан түскенде», «Октябрь түні», «Ақын үні», тағы басқа жырларымен жаңа заманды шаттана қарсы алды. Отан қорғау, бейбітшілік, тың игеру тақырыбына талантты жырлармен үн қосқан. «Масаты қыз», «Қойшы Күлен», «Жеткіншек», «Сыбызғы үні» дастандарында қазақ халқының өткендеріндегі күрделі тағдырын суреттеді. Шығармаларының 10 жинағы жарияланды. 1954 жылы орыс тілінде «Стихи и песни» атты жыр жинағы басылып шыққан.

«Ленин», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

117 жыл бұрын (1895-1967) тарихшы, профессор, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ КСР және Қырғыз КСР Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі ВЯТКИН Михаил Порфирьевич дүниеге келді.

Орынборда туған. Томск университетін бітірген.

1934-1945 жылдары М.Покровский атындағы Ленинград педагогикалық институтының аға ғылыми қызметкері, 1945-1957 жылдары КСРО тарихы кафедрасының меңгерушісі болған. 1957 жылдан өмірінің соңына дейін КСРО Ғылым академиясы Тарих институтының Ленинград бөлімшесін басқарды.

1935 жылдан бастап, Қазақстан мен Қырғызстанның тарихын зерттеумен шұғылданған. 70-тен аса ғылыми еңбектерінің көбі Қазақстан тарихына арналған. 1941 жылы Алматыға қоныс аударып, Қазақ КСР тарихы 1-томының очеркін жазды. 1943-1949 жылдары жарық көрген Қазақ КСР тарихының бірнеше тарауының авторы және редакциялық мүшесі. Ол 1947 жылы шыққан «Сырым батыр» монографиясы үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығын алды. Онда ол Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз халқының ұлт-азаттық көтерілісіне жан-жақты талдау жасайды. Ол Сырымның қайраткерлігіне жоғары баға берген.

Екі орденмен және медальдармен марапатталған.

62 жыл бұрын (1950) Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша бақылау және әлеуметтiк қорғау департаментiнiң директоры АХМЕТОВ Абдулла дүниеге келді.

Кентау қаласында туған. Қазақ химия технологиялық институтын (М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті), Алматы Жоғары партия мектебін бітірген.

Қазақстан ЛКЖО Кентау қалалық комитетінің екінші хатшысы, Қазақстан ЛКЖО Шымкент облыстық комитетінің хатшысы болған. 1977-1980 жылдары - Қазақстан БЛКЖО Орталық Комитетінің жауапты ұйымдастырушысы, Қазақстан ЛКЖО Шымкент облыстық комитетінің бірінші хатшысы. 1980-1986 жылдары - Түркістан қалалық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары. 1986-1992 жылдары - Шымкент облыстық денешынықтыру және спорт комитетінің төрағасы, Шымкент облыстық атқару комитеті Туризм, денешынықтыру және спорт басқармасының бастығы. 1992-1996 жылдары - «Зият» Фирмасы» ЖШС-нің бас директоры, «Оңтүстік» коммерциялық фирмасы директорының орынбасары, «Алемимпекс» фирмасының директоры. 1996-1999 жылдары - Оңтүстiк Қазақстан облыстық әкімшілігі еңбек басқармасының бастығы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бас басқармасы бастығының бірінші орынбасары, бастығы. 1999-2004 жылдары - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкімшілігінің басшысы, Оңтүстiк Қазақстан облысы еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің бастығы. 2004-2006 жылдары - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шардара ауданының әкімі. 2006-2008 жылдары - Шымкент облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2008 жылдың қыркүйегінен.

Екі мәрте «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.

50 жыл бұрын (1962) «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» компаниясы басқарушы директорының орынбасары МАРАБАЕВ Жақып Нәсіпқалиұлы дүниеге келді. аместитель управляющего директора компании

Гурьев қаласында туған. И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын (1984) тау-кен инженері мамандығы бойынша; Мәскеу мемлекеттік басқару университетін бітірген (2002). Экономика ғылымдарының кандидаты (2002). 1984 жылдан - «Комсомольскнефть» МГӨБ мұнай және газ өндіру жөніндегі шебері, аға операторы. 1986 жылдан - «Комсомольскнефть» МГӨБ мұнай ендіру технологиясы және техникасы ҒЗЗ бастығы, ОИТҚ ауысым бастығы, ¥КЖ және ¥ЖЖ женіндегі цех бастығының орынбасары, техникалық бөлім бастығы. 1990 жылдан - Алматыдағы «Отан» бірлестігінің «Сфинкс» республикалық концернінің коммерциялық қызметінің директоры. 1991 жылдан ҚР Сыртқыэкономикалық байланыс министрлігінің бас технологы,бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы. 1993 жылдан - ҚР Энергетика » . І және отын ресурстары министрлігінің теңіз жұмыстары басқармасының бастығы; «ҚазақстанКаспийШельф» ААҚ вице-президенті.  1995 жылдан -Каспий теңізін зерттеу жөніндегі «КазахстанКаспийШельф» халықаралық консорциумы операторының бас директоры, «Мұнайгаз» мемлекеттік холдингтік компаниясының коммерциялық директоры. 1997 жылдан - «Қазақойл» ¥МК вице-президенті, инвестициялар және жаңа жобалар жөніндегі директоры, газ жобалары жөніндегі вице-президенті. 1999 жылдан - «Қазақстан Халық Банкі» ЖАҚ басқарма төрағасының орынбасары, «ҚазТрансОйл» ЖАҚ өндіріс жөніндегі вице-президенті, «Қазақойл» ¥МК газ жобалары жөніндегі вице- президенті. 2001 жылдан - «Мұнай және газ тасымалдау» ұлттық компаниясы» ЖАҚ бас директорының орынбасары  2002 жылдан - «ҚазМұнайГаз» ¥К» ЖАҚ инвестициялық жобалар және бірлескен кәсіпорындардағы үлестерді басқару жөніндегі басқарушы директоры. 2004 жылдан - «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директоры. 2006 жылдан - «ҚазМұнайГаз» ¥К» АҚ техникалық даму жөніндегі басқарушы директоры. 2007 жылдан - «КаzЕпегgu» Қауымдастығы үйлестіру кеңесінің төрағасы.  2008 жылдың желтоқсан айынан бері - «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» компаниясы басқарушы директорының орынбасары.

 «Құрмет», Еуропалық Бизнес-қауымдастығының Королева Виктория ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған.

29 жыл бұрын (1983) еркін күрестен қазақ палуаны ШАБАНБАЙ Дәулет Еркінұлы дүниеге келді.

96 келі салмақта Азия чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері. Лондондағы 2012 жылғы ХХХ Олимпиада ойындарына қатысушы.

Жаттықтырушысы - Алексей Сергеев.

Соңғы жаңалықтар