90-ға қараған шағында Флоренс Найтингейл медалінің иегері Мария Смирнова-Кухарская қайтыс болды
Одесса облысына қарасты Балтов ауданының Фернатке ауылында дүниеге келген Мария Петровнаның өмірі Қазақстанмен, оның ішінде Ақмола өңірімен 1952 жылдан бастау алады. Жиырмаға жаңада толған медицина медбикесі Отан үшін қан майданға аттанады. 1942 жылдан 1946 жылға дейін Ұлы Отан соғысына қатысып, қан майданнан 500-ге тарта жаралы жауынгерді алып шығып, дәрігерлік қызмет көрсетілуіне себепкер болған. Ол Украина, Румыния, Чехословакия, Германия елдерін жаудан азат етуге қатысқан. 1952 жылы лейтенант шенінде Көкшетау облысының Қызылту, 1955 жылы Ленинград ауданына қоныс аударып, қайырымдылық пен денсаулық салаларында еңбек еткен. Соғыс және бейбіт жылдарындағы еңбегі жоғары бағаланып, Ленин, Қызыл Жұлдыз, 1-ші, 2-ші дәрежелі Отан соғысы және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» «Сталинградты қорғауға қатысқаны үшін», «Праганы алуға қатысқаны үшін» медальдарымен марапатталған.