90 мыңнан астам ауыл тұрғыны «Саламатты Қазақстан» пойызынан медициналық көмек  алды 

Поезд здоровья  Медицинский Поезд «Саламатты Қазақстан» пойызы
Фото: Александр Павский/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен «Самұрық-Қазына» және Денсаулық сақтау министрлігі «Саламатты Қазақстан» пойызы жобасын іске асырып жатыр. 

Жоба ең алдымен шалғай аудандар мен ауылдарда тұратын азаматтарды тексеруге және медициналық, психологиялық, құқықтық және медиативтік көмек көрсетуге бағытталған.

«Былтыр 26 сәуір мен 5 желтоқсан аралығында пойыз 17 аймақтың 121 шалғай станциясымен жүрді. 90 мыңнан астам ауыл тұрғыны қамтылды», - деді ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Сүлеймен ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Соңғы жаңалықтар
telegram