«91» тобының продюсері Qazaqstan арнасындағы жаңа реалити-шоуға жетекшілік етеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атышулы «91» тобының продюсері Ерболат Беделхан «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында жаңа реалити-шоуды бастағалы отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«91» тобының продюсері Qazaqstan арнасындағы жаңа реалити-шоуға жетекшілік етеді

«Біздің жас аудиторияға дайындап отырған арнайы сыйымыз бар. Өздеріңіз білетіндей, соңғы жылдары елімізде қазіргі заманғы қазақ музыкасының түрлі бағыттары кең дамуда. Соның бірі - q-pop бағыты. Осы бағыт бойынша біз арнайы дайындаған жобамыз бар», - деді «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин «Қазмедиада» өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, реалити шоуға белгілі продюсер, музыкант Ерболат Беделхан жетекшілік етеді.

«Ерболат Беделханның жетекшілігімен қыздар арасындағы q-pop бағыты бойынша орындаушыларды іріктеуге бағытталған реалити-шоу эфирге енетін болады», - деді ол.

Жастарға арналған жаңа реалити-шоу «Q-pop Idols» деп аталмақ.