А. Айымбетовтің сапары еліміздің ең асқақ белестерді бағындыра алатын мақсаткерлігін көрсетті - Н.Назарбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның үшінші ғарышкері Айдын Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағын беріп,
None
None

«Отан» орденімен марапаттады және бұл жоғары наградаларды салтанатпен тапсырды. «Біз бүгін халқымыздың батыр ұлы, Қазақстанның үшінші ғарышкері Айдын Айымбетовті марапаттауға жиналдық. Өткен айда ол Қазақстанның ғарыштық бағдарламасы аясында Халықаралық ғарыш стансасында 10 күндік сапарға барып қайтты. Осы күндердегі 17 млн. Қазақстан халқының барлығы бұл шараға қарап, Айдынға тілектес болып отырды. Ел тілегі қабыл болып, ол алыс сапардан абыроймен оралды. Бұл сапар еліміздің биік мәртебесі мен ең асқақ белестердің өзін бағындыра алатын мақсаткерлігін көрсетті. Бүгін мен Айдын Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағын беру және «Отан» ордені мен тиісті Алтын Жұлдыз медалімен марапаттауды ұйғардым. Ол Жарлыққа қол қойылды», - деді Елбасы. Мемлекет басшысы сондай-ақ А.Айымбетовке "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" құрметті атағы берілгендігі туралы куәлікті табыс етті.

Соңғы жаңалықтар