Ә. Байменов Бейжіңде Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды (ФОТО)

«Ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбаев тоғызқұмалақ ойнаған. Зерттеушілер бұл жайлы жазады деп ойлаймын. 1940 жылдары ойынның жоғалып кету қаупі туындады. Сол уақытта жазушы Мұхтар Әуезов, актер Қалибек Қуанышбаев, ақын Шәкір Әбенов басқа да көрнекті қоғам қайраткерлері ұлттық ойынның қайта жаңғырту үшін тиісті шаралар қабылдады», - деді «Цзиньтай» мұражайында тоғызқұмалақ турнирі мен шеберлік сыныбы барысында тілшімізге берген сұхбатында Ә. Байменов.
Еске салсақ, биыл А. Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толды. Абайдың белгілі туындысы - «қара сөздері». Мұнда этникалық қазақтардың тарихы, педагогика, мораль, сондай-ақ құқықтары көтеріледі.
Абай ескерткіші Бейжіңде 2014 жылғы 19 наурызда ҚХР-дағы ҚР Елшілігінің бастамасымен орнатылған.
Маусымда осы мұражайда Абай оқулары, «Белгісіз Қазақстан» көрмесі ұйымдастырылған. Оған Бейжіңде аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктер басшылығы, ШЫҰ, ҚХР Мәдениет министрлігі, ҚР Тұңғыш Президенті - Ұлт Көшбасшысы қоры өкілдері, Абай туындыларын қытай тіліне аударған Ха Хуанчжан (Кабай), дипломаттар, қазақ және қытай студенттері, суретшілер мен ақындар, қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.