14:14, 25 Мамыр 2013 | GMT +5
А. Есімов алматылық мектеп түлектерін «соңғы қоңыраумен» құттықтады
АЛМАТЫ. 25 мамыр. ҚазАқпарат - Биыл Алматыда 6998 оқушы мектепті бітіріп, үлкен өмірге жолдама алды.

Түлектердің қуанышын бөлісу үшін №83 мектеп-гимназияда өткен соңғы қоңырау салтанатына қала әкімі Ахметжан Есімов қатысты.
Шаһар басшысы оларға сәт-сапар тілеп, Алматы қаласының еліміздегі рөлі мен маңызын айрықша атап өтті. Алматылық жастардың өз қаласын әрдайым мақтан тұтып, оның абыройын асқақтатып, мерейін үстем етуге өз үлестерін қосатынына сенім білдірді. Бірыңғай ұлттық тестілеуде 2012 жылы алматылықтар мектеп бітірушілердің орташа көрсеткіші 84 баллды құраған болатын. Бұл республикалық орташа деңгейден 14 баллға жоғары.
А.Есімов биылғы түлектер де жоғары нәтиже көрсетіп, ұстаздардың еңбегін ақтайтындығына үміт артты.