А. Есімов «АСТАНА ЭКСПО-2017» ҰК басқармасының төрағасы болып тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Ахметжан Есімовті «АСТАНА ЭКСПО-2017» ҰК« АҚ басқармасының төрағасы қызметіне тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Твиттерде хабарлады.

А. Есімов «АСТАНА ЭКСПО-2017» ҰК басқармасының төрағасы болып тағайындалды

Ахметжан Есімов 1950 жылы 15 желтоқсанда Алматы облысында дүниеге келген.

«Ауыл шаруашылығы өндірісінің процестер механизациясы» мамандығы бойынша 1974 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтының механикалық факультетін бітірген. «Әлеуметтік-саяси қатынастар теориясы» мамандығы бойынша 1991 жылы Ресей қоғамдық ғылымдар академиясының әлеуметтік-саяси факультетін бітірген. Экономика ғылымдарының докторы

1990 жылдан - ҚазКСР Мемагроөнеркәсіп төрағасының бірінші орынбасары. 1992 жылдан - Алматы облыстық әкімшілігінің басшысы. 1994 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары.

1996 жылдан - ҚР Бас хатшысы. 1996 жылдан - ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары - Мемлекеттік қаржы салымдар комитетінің төрағасы. 1998 жылдан - ҚР Президент Әкімшілігінің жетекшісі. 1998 жылдан - ҚР Бенилюкс мемлекеттеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2001 жылдан - ҚР ауыл шаруашылығы министрі. 2002 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары - ауыл шаруашылығы министрі. 2004 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары. 2006 жылдың қаңтар айынан - ҚР ауыл шаруашылығы министрі. 2008 жылдан бері - Алмакты қаласының әкімі.

«Нұр Отан» ХДП қалалық филиалының төрағасы (2008 жылдан).

«Құрмет белгісі» (1982), «Парасат» (2002), «Отан» (2007) ордендерімен марапатталған.