А. Есімов: «ҚазАқпарат» - халықаралық дәрежеге ие болған Қазақстандағы алғашқы ақпарат құралдарының бірі әрі бірегейі

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы «ҚазАқпарат» ХАА 95 жылдық мерейтойымен құттықтады.
None
None

Құрметті «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігінің ұжымы!

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының атынан «ҚазАқпарат»

Халықаралық ақпараттық агенттігінің ұжымын және оның оқырмандарын 95 жылдық мерейтойымен құттықтауға рұқсат етіңіздер!

«ҚазАқпарат» - халықаралық дәрежеге ие болған Қазақстандағы алғашқы ақпарат құралдарының бірі әрі бірегейі. Ғасырдан астам уақыт бойы агенттік елдің тыныс-тіршілігі туралы жедел әрі сенімді ақпарат таратып, мемлекетіміздің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық өмірінің кешегісі мен бүгінгі келбетінің айнасы, жарқын келешегінің жаршысы рөлін атқаруда.

Бүгінгі таңда маңызы мен мәні жоғары халықаралық ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесін Елордамызда абыройлы өткізу бағытында қарқынды жұмыстың жүргізіліп жатқандығы белгілі.

Бұл ретте, жаңалықты жарыса жазатын, сөзі салмақты, мақалалары салиқалы тілшілеріңіздің елеулі еңбегін атап өткім келеді. Алдағы уақытта да халықаралық көрме аясында атқарылатын әрбір істі жұртшылыққа уақытылы жеткізуде агенттіктеріңіздің орны ерекше болатындығына сенімдімін.

Мерейтойларыңыз құтты болсын, қадірлі қаламгерлер!

Әрбір игі істеріңіз оңға бассын, ойларыңызға ұтқырлық, қаламдарыңызға қарым, ұжымдарыңызға шығармашылық табыс тілеймін!

Ізгі ниетпен, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы А. Есімов», - деп жазылған құттықтауда.

Соңғы жаңалықтар
Референдум