А/H1N1 тұмауынан 3 мыңнан астам адам көз жұмды

АСТАНА.   Қыркүйектің 7-сі.  ҚазАқпарат -   А/H1N1   вирусының  құрбандарының саны  күн  сайын  артып  келеді.   Дүниежүзілік  денсаулық сақтау   ұйымының  мәліметтері  бойынша,      өткен  аптаның  соңындағы жағдай  бойынша 3,27  мың  адам    осы  қатерлі вирустың   құрбаны болған, 

А/H1N1  тұмауынан  3 мыңнан  астам адам көз жұмды

деп  хабарлайды  «Новый Регион» басылымы.

Оған қоса,  Дүниежүзілік  денсаулық сақтау  ұйымының  мәліметтері  бойынша,   Жер шарының тағы 270 812 тұрғынынан   «доңыз тұмауы»  диагнозы зертханалық жолмен    расталған.