09:00, 30 Желтоқсан 2009 | GMT +5
А (H1N1) вирусы қайта оралуы мүмкін - ДДҰ
АСТАНА. Желтоқсанның 30-ы. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері, науқастардың санының едәуір төмендегеніне қарамастан, А (H1N1) тұмауының ешқайда жоғалмағанын айтып ескертуде.

Ұйым басшысы Маргарет Чан ханымның айтуынша, қырағылықты сақтау қажет, себебі А (H1N1) вирусы мутацияланып, қазіргіден де қауіптірек түрге айналуы ықтимал, деп хабарлайды ВВС телекомпаниясы.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, «доңыз тұмауы» аталатын осынау вирустан әлемнің 200 елінде 11 мыңнан астам адам қайтыс болған.