11:17, 07 Шілде 2016 | GMT +5
Ә.Исекешев «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы болып сайланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы болып елорда әкімі Әсет Исекешев сайланды. Мұндай шешім бүгін қалалық филиалдың кезектен тыс 23 конференциясында қабылданды.
Алқалы жиын барысында сөз алған «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Астана қаласының бұрынғы әкімі, қалалық филиалдың төрағасы болған Әділбек Жақсыбековке партия жұмысын ілгерілетудегі атқарған еңбектеріне алғысын білдірді. Сонымен қатар ол конференция қатысушыларының назарына «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы лауазымына елорда әкімі Әсет Исекешевтің кандидатурасын ұсынды.
Ашық дауыс беру барысында конференцияға қатысушылар Әсет Өрентайұлының кандидатурасын бірауыздан қолдады.