Ә.Исекешев пен Б.Сапарбаев Ақтөбеде «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асырылу барысын талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев пен Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбеде өткен жұмыс отырысы барысында осы аймақта Индустрияландыру бағдарламасының екінші бес жылдығы мен «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асырылу барысын талқылады.
None
None

Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтөбе облысына жасаған жұмыс сапары кезінде министр бірқатар кәсіпорындарды аралап, «Ақтөбе рельс -арқалық зауыты» ЖШС-ның бірінші рельстерін шығару салтанатына қатысқан. Инвестиция министрі сондай-ақ «Қазхром» компаниясының ферроқорытпа зауытының жұмысымен де танысты.

«Ферроқорытпа зауытында арнайы бағдарламамен білім алған мамандар жұмыс істейді. 2015 жылдың қаңтар-тамыз айларында зауыттың №4 цехы 56 мың тонна феррохром алған. Жалпы, 2015 жылдың жоспарына сай, зауыт 439 мың тонна, соның ішінде, №4 цех 74 мың тонна өнім өндіруі керек»,-делінген баспасөз қызметтің таратқан ақпаратта.

Жалпы, 2015 жылдың шілдесіндегі жағдайға сүйенсек, Индустрияландыру картасына Ақтөбе облысынан 83 инвестициялық жоба қосылған. Оның ішінде, 74 жоба 2010-2014 жылдар аралығында пайдалануға берілген. Осы кәсіпорындар іске қосылған соң 6,6 мың тұрақты жұмыс орны ашылған. Қалған 9 жоба индустрияландыру бағдарламасының екінші бес жылдығы аясында жүзеге асырылмақ. Жұмыс отырысы кезінде министр Әсет Исекешев пен әкім Бердібек Сапарбаев аймақ бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асырылу барысын, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізінің өңір арқылы өтетін аумағын 2016 жылы салып біту мәселесін, сондай-ақ, Орталық-Батыс-Ақтөбе-Атыру-Астрахан бағытындағы тас жолдың құрылысын бастау мәселелерін талқылады. Ә.Исекешев атап өткендей, бірқатар экономикалық қиындықтарға қарамастан, ел бойынша индустрияландыру бағдарламасы мен «Нұрлы жол» бағдарламасының орындалу қарқыны бәсеңдеген жоқ»,-деп толықтырған министрліктің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар