«А» корпусына іріктеуден 17 жауапты хатшының біреуі өте алмады

АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - «А» корпусының кадр резервіне іріктеудің бірінші сатысында 17 жауапты хатшының біреуі өте алмады.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменов мәлім етті.

«Қазіргі уақытта «А» корпусының лауазымдарында жұмыс атқаратын мемлекеттік қызметшілердің кейбір тестілеу нәтижелеріне тоқталатын болсақ, лауазымдары «А» корпусына өтетін мемлекеттік қызметшілер қатарынан 511 адам осы корпусқа іріктеуге қатысу үшін құжаттарын тапсырды. Олардың ішінен 155 кандидат, яғни 30 пайызы шекті мәннен өте алмады», -деді Ә. Бәйменов.

Соның ішінде 17 жауапты хатшының біреуі, облыс әкімдері аппараттары басшыларының екеуі, 41 комитет төрағаларының сегізі, 75 тексеру комиссияларының төрағалары мен мүшелерінен 20-сы, 191 қала, аудан әкімдерінің 54-і, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 16 тәртіптік кеңестері төрағаларының 2-еуі, сондай-ақ басқа да мемлекеттік қызметшілер сынның бірінші кезеңін еңсере алмады.

Енді бұл азаматтар іріктеудің келесі кезеңіне жіберілмейді.

Соңғы жаңалықтар