15:20, 27 Мамыр 2013 | GMT +5
«А» корпусына кандидаттарды тестілеудің кезекті күнінде қатысушылардың 46 пайызы өтпеді
АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - 26 мамырда тестілеудің өткен қорытындысы бойынша 47 кандидаттың 25-і Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеуді табысты тапсырды. Заңнаманы білуіне шекті мәннен 22 кандидат немесе тестілеуге қатысушылардың жалпы санынан 46 % өтпеді.

Заңнаманы білуіне тестілеуден өткен кандидаттар жеке және басқарушылық құзыреттерін (әдептілік, коммуникативтілігі, бәсекеге бағдары және сапаға бағдарын) анықтау тестіне жіберілді. Екінші күні кандидаттар логикалық вербальды емес тесттен (Равенна кестесі) және мемлекеттік тілді білуіне тесттен (ҚАЗТЕСТ) өтеді.
Айта кетейік, кандидаттарды тестілеу 15 мамырдан бері жүріп жатыр. Жалпы «А» корпусының кадр резервіне 2024 кандидаттан - олардың арасында мемлекеттік қызмет атқаратын да, мемлекеттік қызмет атқармайтын да кандидаттардан құжаттар түсті.