А. Лукашенко ЕҰУ студенттерімен кездеседі

АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Ертең Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Беларусь Президенті Александр Лукашенко оқытушы-профессорлар құрамы және студенттерімен кездесіп, жиналғандар алдында дәріс оқиды.

А. Лукашенко ЕҰУ студенттерімен кездеседі

Шара аясында университет ұжымы құрметті қонаққа оқу орнының Жазу тарихы мұражайымен және университеттің өзге де көрнекі орындарымен таныстырады, деп хабарлайды ЖОО-ның баспасөз қызметі.

Беларусь мемлекеттік делегациясының құрамында Беларусь Республикасының Премьер-министрінің орынбасары Валерий Иванов, Беларусь Ұлттық ғылым академиясы Президиумы басшысы Анатолий Русецкий, Сыртқы істер министрі Сергей Мартынов, Қазақстандағы Беларусь елінің Төтенше және өкілетті елшісі Валерий Брылов, Беларусь ұлттық техникалық университетінің ректоры Б.М. Хрусталев және өзге де басшылары бар.

Кездесу соңында ЕҰУ ректоры Б.Әбдірайым университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен Беларусь Президенті Александр Лукашенкоға «Еуразия мақтанышы» естелік медалін табыс етеді.